Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 14.09.2021

Қорытынды жаңалықтар 14.09.2021

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмысын күшейтуі тиіс. Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осындай тапсырма берді. Бұл ретте Үкімет басшысы азық-түлік бағасының көтерілуі Түркістанда, Нұр-Сұлтан және Қызылордада тіркелгенін жеткізді. 

*****

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7 процентке өскен. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл ретте көкөністер едәуір қымбаттады. Дегенмен, ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен толтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап бағалар тұрақты.

*****

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда коронавирус өсімі 35 процентке төмендеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірі мәліметтеріне сәйкес, соңғы 2 аптада 54 елдің 26-сында індеттің таралуы күрт өскен. Ал, Қазақстанда ауру өсімі соңғы 14 күнде 35 процентке төмендеген. 

*****

Бүгін Үкіметте биылғы жылдың 8 айында елдің экономикалық дамуы талқыланды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің мәліметінше, қаңтар-тамыз айларында экономикамыз 3,0%-ға өскен. Министр нақты қай өңірлерде көрсеткіш жоғарлағынын атап өтті. 

*****

Жыл соңына дейін 37 студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі, деп мәлімдейді Білім және ғылым министрлігі. Құрылыс жұмыстары елордада, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында қарқынды жүріп жатыр. Соңғы үш жылда елімізде 85 жаңа жатақхана салынып, 22 мыңнан астам студент қоныстанды. 

*****

Шығыс Қазақстан облысында базарлар аптаның барлық күні жұмыс істейді. Аймақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына бірқатар өзгеріс енді. Оған сәйкес, білім беру орталықтары, түрлі секция мен үйірмелер еш шектеусіз жұмыс істейді. Осыған дейін әр топта 15 баладан асырмау талабы болған. Ғимарат ішіндегі базарлар, алаңы 2000 шаршы метрден асатын сауда объектілері аптаның барлық күні ашық болады. Діни бірлестіктер нысандарында 100 адамнан асырмай ұжымдық ғибадат етуге рұқсат берілді. 

*****

Мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғындарға салықты уақытында төлеуді ескертеді. Мамандар заңнамаға өзгеріс енгізілгенін еске салды. Өткен жылы қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлік пен жердің салығы бірыңғай мүлік салығы болып бекіген. Ал салық сомасын азаматтар кірістер комитетінің «E-salyq Azamat» қосымшасынан қарай алады. Әрі сол жерде бірден төлем жасауға мүмкіндік бар.  

*****

Сингапур халықты вакциналау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болғанына қарамастан, КОВИД жұқтыру күрт көбейіп, ауыр науқастар саны екі есе өсті. Осыған байланысты ел билігі қыркүйекке жоспарланған қалыпты өмірге оралу жоспарын тоқтата тұруға мәжбүр болады. Арнайы роботтар полициямен бірге карантиндік шаралардың сақталуын қадағалап, Сингапур көшелерін күзетеді. Осы айда инфекцияның күнделікті жағдайларының саны жыл басындағы ең жоғары көрсеткіштерге оралды. Демалыс күндері мұнда 1 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелді, бұл бір ай бұрынғыға қарағанда он есе көп. Айта өтейік, Сингапурда халықтың 81% - ы толығымен вакцина алған.  

*****

Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновпен әңгіме барысында өзінің айналасында корнавируспен ауырғандардың көбеюіне байланысты өзін-өзі оқшаулауға көшуге мәжбүр екенін айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Сондықтан Ресей Президенті осы аптада Душанбедегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысына, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Басшылары кеңесіне видеоконференция режимінде қатысады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.