Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

МОНОДРАМА: ТЕГІМДІ МЕНІҢ СҰРАМА

МОНОДРАМА: ТЕГІМДІ МЕНІҢ СҰРАМА

«Шабыт» радиотеатры Шығыс Қазақстан облыстық Қазақ драма театрының репертуарынан «Тегімді менің сұрама» атты моноспектаклді ұсынады.


Бұл қойылымның негізгі идеясы қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналған жасанды ұрықтандырудың қаупі жайында. Атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақы тәрбиеде тегін, руын білу өте маңызды. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз осыдан қалса керек. Әр қазақ өзінің ата-бабасын, шежіресін білгені ләзім. «Тегімді менің сұрама» моноқойылымының айтар ойы да осы. 


Ұлттың «тек» мәселесіне, ұрпақтың саулығына алаңдаған бабаларымыздың тәлім-тәрбиесінің бекер еместігі осы қойылымнан көрініс табады. Бұл қойылым адам тағдырының заманның дамуына орай қолдан жасалынған зары, қайғысы деуге болады.

Қоюшы режиссері - Ертай Хасенов

Авторы –Айзат Рақыш

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Әмір - Мирас Разхан 

Кейіпкері – Арай Маралбекова

Хабардың авторы –Толқын Сұлтан

Дыбыс режисері – Қайсар Ердеш