Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ақтөбеде 219 оқушыдан коронавирус анықталып, 218 сынып карантинге жабылды

Ақтөбеде 219 оқушыдан коронавирус анықталып, 218 сынып карантинге жабылды

Бүгінгі жалпы отырыста Парламент Мәжілісінің депутаттары балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасында балалардың тұрғын үй және отбасылық жағдайда мүдделерін қорғауға, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу мәселелері қарастырылғанын атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, соның ішінде, буллинг пен кибербуллинг қоғамда қатты алаңдаушылық тудырып отыр. Балаларды осы қауіптен қорғайтын нақты нормалар қажет. Санды мәліметке жүгінсек, былтыр 18 жасқа дейінгі жастар арасында 140-тан астам суицид және 300-ден астам өз-өзіне қол салу әрекеті болған. Сондықтан, Нұрлан Нығматулин атап өткендей, осы заң жобасы депутаттардың, мемлекеттік органдардың, педагогтар мен ата-аналардың балалардың құқығын қорғау жолында бірлесе іс-қимыл жасауына ықпал етеді.

///


Ақтөбеде барлығы 219 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, 218 сынып карантинге жабылды. Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, 1-14 қыркүйек күндері аралығында 219 оқушыдан COVID-19 анықталған. Оның 165-і қалада болса, өзгесі аудандарда. Вирус жұқтырғандардың бәрі бақылауға алынып, сыныптар карантинге жабылды. Арнаулы орта оқу орындарында 31 студенттен вирус анықталды. Қазіргі кезде 29 топ карантинге жіберілді. «Сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері арасында да вирус жұқтырғандар бар. Әр дерек бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Шектеу шараларын өрескел бұзу дерегі тіркелмеді», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

///

Батыс Қазақстан облысында тұрғындарды тұмауға қарсы егу үшін Ресейде өндірілген 68 мың доза «Гриппол +» вакцинасы сатып алынды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың сөзінше, 57 мың доза вакцина облысқа тамызда жеткізілсе, қалған 11 мыңы осы айдың аяғына дейін әкелінбек. Осы мақсатқа бюджеттен 68 млн 731 мың теңге бөлінді. Биыл тұмауға қарсы жоспарлы екпе 15 қыркүйектен басталды. Бұл жедел респираторлық аурулар кезінде тұмауға қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру үшін жасалады.

///

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп, Шыңғыс Айтматов туралы деректі фильм түсіруде. Бұл туралы бүгін 17-ші Еуразия медиафорумында телерадиокоропорацияның басқарма төрағасы Ләззат Танысбай айтты. «жақында ғана көршілес Қырғызстанның телеарналарының басшылары, әріптестеріміз келіп пікір алмасты, студияларымызды көрді, ортақ меморандумға қол қойдық. Нәтижесінде қырғыз тарапымен бірлесіп, ұлы жазушы Шыңғыс Айматовқа арналған деректі фильм түсіріп жатырмыз», - деді корпорация басшысы. Қырғыз-қазақ бірлескен деректі фильмі екі ел арасындағы тарихи достық қарым-қатынасты насихататуды көздейді. Лейтмотив ретінде Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы алынған. Оның екі ел арасындағы байланысты нығайту жолында атқарған еңбектері баяндалады.

///

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы топтық кезеңіндегі екінші ойынында Қазақстан құрамасы Литвамен кездеседі. Ойын елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетейік, ел футзалшылары А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.