Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қымбат Досжан «Balapan» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Қымбат Досжан «Balapan» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан "Balapan" Телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Қымбат Досжанның Қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар. «Qazaqstan» телеарнасы "Жаңалықтар қызметінің" продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының Бас редакторы міндеттерін атқарды. Қазіргі уақытта «Qazaqstan» телеарнасындағы «Қымбат жандар» авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.

Сондай-ақ, журналист Мақпал Жұмабай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мақпал Жұмабай Корпорацияда 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. «Qazaqstan" телеарнасының "Таңғы бағдарламалар" бірлестігінің шеф-редакторы, «Balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарды. 2018 жылдан бүгінге дейін «Balapan» телеарнасының директоры қызметін атқарып келді.

«Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.