Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Коронавирустың Eta штамы Қазақстаннан анықталды

Коронавирустың Eta штамы Қазақстаннан анықталды

Елордада өтінім берген медициналық мекеме, білім беру нысандары, балабақша секілді әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады, деп хабарлайды қала әкімдігі. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен әкімдікте жылыту маусымы бойынша кеңес өтті. Қалада жылу беру маусымы 5 күн бойы тәуліктегі орташа температура +10 градус және одан төмен болған кезде толығымен басталады. 

*****

Ақмола облысында егін орағы науқаны аяқталып келеді. Биыл диқандар 4,5 миллион гектар алқаптан дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ведомствоның мәліметінше, облыстың астықты аудандарының бірінде астық жинау жұмыстары аяқталды. «Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, 3 млн. 700 мың тоннадан астам астық бастырылды. Алдағы күндері Атбасар, Жарқайың және Жақсы аудандары егін орағын аяқтайды. Ақмола облысы Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бір бөлігін өндіреді. 

*****

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды. Бұл орын Арал ауданы Жіңішкеқұм елді мекенінен солтүстікке қарай шамамен 170 шақырым қашықтықтағы құмды төбе арасында орналасқан. «Аталған аумақтан үш ер адамның жүргені белгілі болды. Олардың екеуі облыс тұрғыны болса, біреуі Жезқазған қаласының тұрғыны. Олар заңмен тыйым салынған сора өсімдігін өсірген. Күдіктілер Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. 

*****

Мажарстан жаңа спорт түрі — текболдан Түркі кеңесінің бірінші халықаралық турнирін өткізуді ұсынды. Бұл туралы Мажарстан Сыртқы істер және сауда министрлігі спорт дипломатиясының бас директоры Истван Иглои-Наги мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Текбол – бұл үстел теннисін еске түсіретін жаңа спорт түрі, онда қисайған үстел мен футбол добына ұқсас доп қолданылады, оны қолдан басқа дененің кез-келген бөлігімен ұруға болады. Текболды 2014 жылы Мажарстанда екі футбол әуесқойы Габор Боршани және Виктор Хусар ойлап тапты. Әлемдік деңгейдегі футболшылар Неймар және Коутиньо текбол спорты бойынша өткен жарыстарға қатысқан.

*****

Коронавирустың Eta штамы Қазақстаннан анықталды. Eta «Нигерия» штамы еліміздің 4 өңірінде байқалған. Ол Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалалары. Eta штамының пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде байқалған, ол дүниежүзілік денсаулық сақтау санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жатады. Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдарына ұқсайды. 

*****

20 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Тимофей Скатов теннистен Astana Open турнирінде алғашқы ойында италиялық Андреас Сеппиді жеңді, деп хабарлайды Рrosports.kz. Италиялық бірінші партияда бір брейкпен алға шыққан, алайда жетінші геймде Тимофей белсенді әрекеттерінің арқасында ре-брейк жасап, матчтағы тепе-теңдікті қалпына келтірді. Екі сағат 56 минутқа созылған текетірестің нәтижесі 7:6, 4:6, 6:1 қазақстандық Тимофей Скатовтың пайдасына шешілді.