Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болады

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болады

Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөйлеген сөзінде айтты. Жиында Мемлекет басшысы көмірқышқыл газдың өте жоғары деңгейіне, ормандардың өртке орануы, циклондар, су басу мен құрғақшылық адамдарға апат алып келетін қалыпты жағдайға айналып отырғанын атап өтті. «Теңізге шығатын жолы жоқ ірі мемлекет болып саналатын Қазақстанның климаты тез өзгеріп жатыр, сонысымен халқымыз бен экономикамызға қауіп келтіруде. Соңғы 75 жылдың ішінде жылдық орташа температура 2 градуска жылынып, қазіргі уақытта әр бес жыл сайын қуаңшылық болып келеді. Осыған байланысты Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен таза ел болуды көздейді», – деді Президент.

*****

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылданды. «Заң жобасының басты мақсаттарының бірі - мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және азаматтардың өзге де жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру », - деді сенатор Нариман Төреғалиев.

*****

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 263 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады. Өткен тәулікте қалада 549 адам коронавирус жұқтырған. «Инфекциялық стационарларда 2 263 адам жатыр, оның 102-сі бала», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 231 адам жатыр.

*****

Елімізде өткен тәулікте 2 693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Сонымен қатар өткен тәулікте 3 905 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Соңғы ақпарат бойынша рес-да коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 7 млн 408 мың 957 адам, 2 - ші компонентін 6 млн 289 мың 238 адам салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

*****

25 қыркүйектен бастап Елордада Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша «Лесная поляна» елді мекені – Назарбаев Университеті» қатынасындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут жолға шығады. Маршруттың қозғалысы «ЭКО-Маркет «Минимаркеті» аялдамасынан басталады, ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойы, ал соңғы аялдама – «Назарбаев Университеті». Жаңа бағыттағы автобустар күн сайын жүрейді.