Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ресей ғалымдары спрей түріндегі COVID вакцинасын жасады

Ресей ғалымдары спрей түріндегі COVID вакцинасын жасады

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге және Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға қатысты бірқатар заң жобасын қарады. Енді ерекше қажеттіліктері бар балалар мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды бір мезгілде ала алады. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік жеңілдіктер топтамасын беру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге кепілдік беріледі», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
*****
Биыл елімізде дизель отынына сұраныс артты. Бүгін өткен брифнгте ҚР Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев дизель нарығындағы тенденциялар туралы айтты.
Осы жылы дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалып, әсіресе тамызда сұраныс жоғары болды. Тұтыну көлемі 519 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артық. Елдің ішкі нарығының тарихында бір айдағы мұндай рекордтық көрсеткіш алғаш рет тіркелді», - деді департамент директоры. Оның айтуынша, тұтынудың өсуіне бір жағынан транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюы мен бағасы әсер еткен. «Бүгінгі таңда Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан. Ресеймен салыстырғанда 90 теңгеге, Өзбекстанмен салыстырғанда 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге төмен бағада сатылады», - деді Бауыржан Сәлімгереев.
*****
Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала хлор буымен уланды, деп хабарлайды zakon.kz. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар бүгін таңертең көмекке жүгінген. Арнайы бригадалар Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жөтел, түшкіру туралы шағыммен 12-14 жас аралығындағы пациенттерді жеткізді. Олар бассейнде сабақ кезінде хлор буымен уланған. Барлығының жағдайы тұрақты, бейінді бөлімшеге жатқызылды. Қазір қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу басталғанын хабарлады.
*****
СҚО-да 300-ден астам ірі қара мал бруцеллез жұқтырды. Қазір олардың иелері өтемақы алуға құжаттарын тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтық ветеринария басқармасының мәліметінше, төрт-түлік иесі Заң бойынша 15 күн ішінде малды міндетті түрде санитарлық союға тапсыруы тиіс. Егер жануарда ауруға байланысты патологиялық өзгерістер болса, мал иелеріне орташа нарық бағасының 30 %-ы өтеледі. Қазіргі уақытта 25 ірі қара малға байланысты 4 адамнан құжаттар қабылданды. Жалпы сомасы 2,1 млн теңге. Өтемақы тек қазан айында төлене бастайды», - дейді ветеринарлар.
*****
Ресей ғалымдары спрей түріндегі COVID вакцинасын жасады. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, мұрынға арналған препаратты клиникаға дейінгі зерттеу аяқталды. Зерттеулер жасушалар мен жануарларға жүргізілген. Препарат өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Қазір еріктілерге сынақ мақұлдау үшін құжаттар дайындалуда. Клиникалық зерттеулер осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында басталуы мүмкін.
*****
АҚШ-та Pfizer мен BioNTech компаниясының үшінші дозасын осал топқа егуге рұқсат етілді. Мамандар 65 жастан асқандар препараттың үшінші компонентін қабылдай алады дейді. Тіпті ауру жұқтыру қаупі жоғары кәмелет жасқа толған американдықтар да ала алады. Медициналық тәртіпке сай бустерлік доза екінші компоненттен кейін 6 ай өткен соң салынады.