Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкі президентімен келіссөз жүргізді

Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкі президентімен келіссөз жүргізді

А. Мамин ЕҚДБ президенті О. Рено-Бассомен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

"Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.«Қазақстанда ЕҚДБ қызметі кезеңінде экономиканың қаржы, инфрақұрылым, ТКШ, энергетика, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы және АT сияқты басым салаларында жалпы сомасы $10 млрд-тан астам 300-ге жуық жоба қаржыландырылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі $600 млн болатын бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келісімдерге қол қойылады",- деді А. Мамин.


Тараптар биылғы наурызда қол қойылған ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы елдің тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімнің іске асырылу барысын талқылады. ЕҚДБ-ның инфрақұрылымды дамытуға қатысуын одан әрі кеңейту, Қазақстанның энергетикалық секторын декарбонизациялау бағдарламасын, ЕҚДБ-ның «Жасыл қалалар» жобаларын іске асыру, кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері қаралды. Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ), Алматы қаласындағы С. Ж. Асфендияров атындағы аурухананы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде денсаулық сақтаудың басқа да объектілерін салу жобаларына ерекше назар аударылды.

Келіссөз қорытындысы бойынша Алматы қаласының әуежайын жаңғырту және кеңейту, «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолын реконструкциялау жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Кездесуге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков қатысты.



Дереккөз: primeminister.kz