Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Н. Нығматулин Тәжікстан Парламенті Милли Мажлисінің Төрағасы Р. Эмомалимен кездесті

Н. Нығматулин Тәжікстан Парламенті Милли Мажлисінің Төрағасы Р. Эмомалимен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомалимен кездесті. Онда екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылының перспективалық бағыттары талқыланды.

Тәжікстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды серіктесі әрі сенімді одақтасы екенін айтқан Мәжіліс Төрағасы Қазақстан басшылығының екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин қос елдің стратегиялық серіктестік деңгейіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон орнатқан ынтымақтастықтың қол жеткізген нәтижесіне екеніне назар аударды. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдағы Душанбеге ресми сапары өзара іс-қимылдың дамуына серпін берді.

Өз кезегінде, Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомали екіжақты ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді:

- Біз бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынастың бүгінгі деңгейін бағалаймыз. Достас екі мемлекет басшыларының сенімді диалогы біздің елдеріміздің өзара табысты іс-қимылының қарқынды дамуына және құқықтық базаны жетілдіруге ықпал етеді, - деді Рустам Эмомали.

Тараптар Қазақстан-тәжік қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық диалогты жандандыруды қолдады.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде мемлекеттер алдында тұрған барлық мәселелерді шешу үшін күш-жігерді жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті. Мәжіліс Спикері Палата депутаттарының заң шығару қызметі туралы айтып, Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қолдау жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

Кездесу барысында Ауған мәселелері тұрғысынан өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Ауғанстандағы берік бейбітшілікті қалпына келтірудің және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеудің маңыздылығы туралы айтылды. 


Дереккөз: Мәжілістің Баспасөз қызметі