Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жол саласында маман тапшы



   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Еститін мемлекет» қағидасына сәйкес бұқарамен кері байланыс орнатудың маңыздылығын айтқан болатын. Президенттің жол сапасына қатысты сын-ескертпесінен кейін аталған мәселені сынаушылар қатары көбейді. Нәтижесінде қоғамда «жол саласында жұмыс істелмейді» деген пікір қалыптасқанын да жасыра алмаймыз. Сондықтан осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатында аталған мәселеге тікелей жауапты салалық министрлікпен бірлесіп, дәл осы жобаны ашқан болатынбыз. Негізгі мақсат әрине түсінікті ол жол құрылысына жауапты мамандарды қатыстыра отырып, мәселені ашық талдап, халыққа жеткізу.

    Олай болса жол саласындағы түйткілді мәселелерді талқылау үшін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Ғазиз Құлахмет мырзаны және Жол активтерінің ұлттық сапасы орталығының бас директоры Замир Сағыновты тікелей эфирге шақырып сұхбаттасқан едік. Хабардың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден тыңдай аласыздар!