Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады

Мемлекет басшысы Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады

Қазақстан Президенті қазіргі сын-қатерлер жағдайында жоғары дәрежеде орнықтылық көрсетіп отырған қазақ-тәжік ынтымақтастығының оң қарқынын атап өтті. Бұған мемлекеттер басшылары деңгейіндегі белсенді саяси диалог және үкіметтердің үйлесімді жұмыстары септігін тигізуде,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Тәжікстанға ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты байланыстарды кешенді түрде нығайтудың басты бағдары болатынын айтты.

Президент мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын іске асыруда екі ел үкіметтерінің белсенді жұмыс істеп жатқанын және қазірдің өзінде нақты нәтижелердің бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонға жүрекжарды сәлемін және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның жуырда Душанбеде өткен саммиттерін сапалы ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын жолдады.