Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Смағұл Елубай: Биылғы киножобалардың 80%-ы орыс тілінде

Смағұл Елубай: Биылғы киножобалардың 80%-ы орыс тілінде

Қыркүйек айының бірінші жартысында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бес күн бойы питчинг өткізді. Бірінші кезеңге келіп түскен 510 жобаның 149-ы ашық қорғауға жіберілді. Қазақ радиосының FILMFAN бағдарламасында Сараптама кеңесі мүшелері ашық қорғаудың өту барысынан хабардар етті.

Бағдарламаға қатысқан Сараптама кеңесінің мүшесі, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай сараптауға келген жобаның 80 пайызы орыстілді сценарий екеніндігін айтты. Бұл тіл мәселесі күні кеше басталған проблема емес. Қазақстандағы кино саласы қай уақыттан орыстілді, бірақ киножоба орыс тілінде болғанымен оның ұлттық мүддені, идеологияны қаншалықты жеткізетін, дәріптейтін өзектілігіне де мән береміз деп түсіндірді жазушы С. Елубай.

Сараптама кеңесінің мүшесі, кинотанушы, Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының профессоры Нәзира Рахманқызы кино тілі мәселесін кино түсіріп жүргендерді өздері әлі де жоба жетік түсінбей жүргенін айтты. Жоба тапсырған жандардың кино саласындағы кәсіби біліктілігі мен білімінің бар-жоғы есепке алынбайды, бастысы, кино тілін түсінуі мен сценарийді талапқа сай тапсыруы сынға алынады.

ҰКҚМО ресми сайтындағы сұрақ-жауап бөлімінде "сараптама кеңесі мүшелері мен орталық өкілдері конкурсқа жобамен қатыса ала ма, жоқ па?" деген сұраққа өтінім бере алмайтындығы тайға таңба басқандай ашық жазылғанымен биыл кеңестен үш адам жобасын ұсынды. Бұл сұраққа «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Бас продюсері Адай Әбелдиновтің айтуынша, Сараптама кеңесі мүшелері де кино саласының майталмандары, олар да мемлекеттік қаржылаудан үмітті, сондықтан кеңес талқылай келе, оларға жобасын қорғауға рұқсат етті. Және жоба ұсынған мүше өз жобасына дауыс бере алмайтындығын баса айтты.

Бағдарлама барысында отандық кинода дамымай тұрған балалар киносы, қазақтілді кинолар мәселесі де көтерілді.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі: Жадыра Жұмакүлбай.