Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда макарон өнімі қымбаттады

Қазақстанда макарон өнімі қымбаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті. «Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды» деп жазады Берік Уәли.

*****

QazVac вакцинасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын алды. Бас муфтидің орынбасары, теолог Ершат Оңғаров отандық екпенің өндірушілеріне "Халал Даму" ЖШС сертификатын табыс етті. Препарат халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды. Оған дейін мүфтият өкілдері Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында болып, зауыт жағдайында вакцина өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

*****

Елімізде қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі кеңейтілді. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтің мәліметінше, қазір бұл жөнінде заңнамалық ережелер мен нұсқаулықтар әзірленді. Құжат бүкіл мәслихаттарға, мемлекеттік органдар мен қоғамдық кеңестерге таратылды.

*****

Қазақстанда макарон өнімі қымбаттады. Тамыз айының қорытындысы бойынша бір айда 1,3%-ға, ал бір жыл ішінде 11 %-ға өскен. Макаронның құны әсіресе Атырау облысында, Қызылорда және Қарағанды облыстарында шарықтап тұр. Бұған дейін Қазақстанның астық одағы макарон өнімдерінің бағасы өсетінін мәлімдеген еді. Өйткені нарықта шикізат құны көтерілген. Оған биылғы құрғақшылық салдарынан бидай түсімінің аз болуы себеп,-деп хабарлайды Energyprom.kz.

*****

Жапонияда жүзінші премьер-министр тағайындалды. Ел парламентінің төменгі палатасы осы қызметке дауыстардың басым саны арқылы елдегі билік етуші либералды-демократиялық партияның басшысы Фумио Кисиданы сайлады. Бұған дейін ол Сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Бүгін Жапонияда жаңа министрлер кабинеті құрылады және ол айтарлықтай жаңарады. Ескі үкімет құрамында болған 20 министрдің үшеуі ғана өз қызметінде қалды. Тағы төрт шенеунік те алдыңғы үкімет қатарында министр қызметін атқарған. Ал басқалары бұл қызметке жаңадан келіп отыр. Жапониядағы министрлер кабинетінің толық құрамы бүгін белгілі болады.

*****

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея екі ел арасындағы барлық шұғыл байланыс желісін қалпына келтірді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның біріктіру министрлігі хабарлады. Ақпарға қарағанда тараптар кей әскери желі бойынша бір-біріне қоңырау шалып, хабарласқан. Айта кетейік, қос Корея басшылығы мен әскерилері арасындағы байланыс былтыр жаз айында үзілген. Оған оңтүстік кореялық белсенділердің көрші мемлекет аумағына әуе шарлары арқылы үгіт-насихат парақшаларын ұшыруы себеп болған еді. Осыдан кейін Пхеньян Сеулмен барлық байланысты тоқтататынын мәлімдеп, тараптар мәселені тек биыл шілде айында шешуге келісті,-деп жазады Хабар 24.

*****

Американдық Tesla компаниясы осы жылдың үшінші тоқсанында жеткізілім рекордын жаңартты. Үш айдың ішінде компания 241 мың машина жеткізді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сатылым 72 пайызға өсті. Небәрі тоғыз айдың ішінде аталған кәсіпорын клиенттерге 627 мың электромобиль жіберген. Осылайша, Tesla әлемдік пандемиядан туындаған қиыншылықтарға қарамастан, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ең сәтті нарықтардың бірі Норвегия болып отыр. Өткен айда мұнда электр көлігінің басым бөлігі сатылған. Бұл елде қыркүйекте сатылған барлық жаңа көліктердің 77,5 пайызы Tesla компаниясына тиесілі.