Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі ашылды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі ашылды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселесіне қатысты заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасы су пайдалануды бақылау жүйесін қарастыруы тиіс екенін атап өтіп, жұмыс тобына екінші оқылымға дейін әзірлеушілермен бірлесіп осы мәселені пысықтау қажеттігін айтты. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заң жобасынан тиісті нормаларды алып тастау ұсынысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың, коммерциялық және бюджеттік ұйымдардың суды қалай пайдаланатынын бақылауға мүмкіндік бермейді. Жалпы, заң жобасында экспресс-энергоаудит және мақсатты энергоаудит енгізу көзделген. Нысанға бармай алдын алу бақылау тәртібі бекітіледі. Бұл ж жергілікті атқарушы органдарға энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуге және бекітуге құзырет береді. 

*****

Байқоңырдағы «Бәйтерек» кешенінен 2036 жылға дейін 41 зымыран ұшырылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша Қазақстан Ресеймен осындай келісімге келді. Көрші мемлекет 23 зымыранды ұшыруға кепілдік беріп отыр. Сондай-ақ Қазақстан жыл сайын 2 тапсырыстан алуға құқылы. Ұшырылатын әр зымыранның құны 52-ден 62 миллион долларға дейін. Оның 10 миллионы жерді пайдалануға бергені үшін Қазақстан бюджетіне аударылады. Айта кетерлігі, осы келісімнің арқасында еліміз бұған дейінгі несиелік міндеттемелерден босатылады. Және де еліміздің «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнындағы үлесі ұлғаяды. Мәжіліс депутаттары бұл құжат ғарыш кешенінің жұмысын қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетінін ескеріп, заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

*****

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесті. Тараптар Қазақстан-Түркия Экономикалық үкіметаралық комиссиясының алдағы 12-отырысы аясында елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп және көлік логистикасы мәселелері қозғалды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

*****

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі ашылды. Оған еліміздегі Жоғары оқу орындарының журналистика, кино өнері және телевизия факультетінің III, IV курс студенттері қатыса алады. Медиамектеп БАҚ саласы бойынша теориялық білім жинақтап жатқан студенттердің практикалық дағдыларды меңгеруіне және болашақта қызмет атқаратын бағытын нақты айқындау үшін тәжірибе алаңы болады. Медиамектептің ең үздік қатысушылары алғашқы еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрылымдарында бастауға мүмкіндік алады. Медиамектепте білім алу үшін 2021 жылғы 1 қарашаға дейін qazaqstan.tv ресми сайты немесе mediamektep@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы өтінім жіберу қажет. Оқу тегін болады. 6 айға жалғасатын медиамектептің алғашқы курсы Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазмедиа» орталығы телерадиокешенінде оффлайн форматта жүргізіледі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұған дейін «Balapan» телеарнасының жанынан анимация мектебін құрды.