Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бүгіннен бастап «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады

Бүгіннен бастап «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады

Бүгіннен бастап «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылданады. Қала әкімдігі мен «Отбасы банкі» жобаны жүзеге асыру үшін 3 млрд теңгеден аса қаражат бөлген. Бұл қаржы 200-ге жуық адамды баспанамен қамтуға жеткілікті. «Елорда жастары» бағдарламасына жасы 35-тен аспаған, тұрақты жұмысы бар мамандар қатыса алады. Мұнан бөлек үміткерлер қалада кемі 1 жыл тіркеуде болуы тиіс. Жобаға мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, коммуналдық қызмет өкілдері қатысады. Сондай-ақ жетім балаларға жіті мән беріліп отыр. Құжаттарды тұрғын үй қорына онлайн тапсыру қажет. Ипотека 5 процентпен 20 жылға беріледі. Алғашқы жарна - 10 процент. Жобаны қаржыландырып отырған банк 18 миллион теңге ұсынады. Осы қаржығы жаңадан салынған үйлерден де, екінші нарықтағы баспанадан да пәтер қарастыруға болады.

*****

Санкт-Петербургте III Еуразиялық әйелдер форумы ашылды. Оған 110 елден 500-ге жуық делегат қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24». Форум аясында 300-ден аса іс-шара жоспарланған. Әдеттегідей халықаралық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысуымен сараптамалық сессиялар да өтеді. Солардың қатарында «Әйелдер жиырмалығының» отырысы, БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі сессиясы секілді іс-шаралар бар. Еуразиялық әйелдер форумына қазақстандық делегация да қатысып жатыр. Бұл Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері мен парламентарийлер. Басқосуда саясат және бизнестен бөлек, экология, денсаулық сақтау, жаңа технологиялар мен инновация мәселесі, сондай-ақ қазіргі заман әйелдерінің әлеуметтік жағдайы талқыланады. Форум 3 күнге созылады. 

*****

Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау өтті. 74 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының құрметті азаматтары мен ел ағалары, сондай-ақ, дін жанашыры, жарысқа демеушілік жасаған Бахардин Аблязимов арнайы қатысты. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен қарилар байқауының жүлде қоры бұрынғыдан да қомақты болды. Бас жүлде иегеріне жол талғамайтын шетелдік көлік берілсе, 30 пара бойынша финалдық кезеңге жолдама алған 5 қаридың екеуіне ынталандыру сыйлығы ретінде ұмра қажылығына жолдама берілді. 

*****

Әлемде соңғы аптада 2 млн. 800 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 46 мыңнан астам адам қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сәрсенбідегі мәліметі бойынша, жаңа инфекциялардың саны жеті күнде 7 процентке, өлім -жітім 10 процентке төмендеді. Бір апта ішінде Африкада және Тынық мұхитының батысында инфекциялардың айтарлықтай төмендеуі тіркелді. Өлім-жітім саны тек Еуропада ғана өскен.