Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мәжіліс Палатаның іс-шараларына қатысу үшін журналистерді тіркеу басталды

Мәжіліс Палатаның іс-шараларына қатысу үшін журналистерді тіркеу басталды

Мәжілістің Баспасөз қызметі VII сайланған Мәжіліс депутаттарының заң шығару қызметін екінші парламенттік сессияда жариялау үшін журналистерді тіркеуді бастайды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты Мәжілісте тіркелген журналистердің офлайн-форматта қатысу мүмкіндігі туралы шешім қабылданды. Осы ретте, Мәжіліс ғимаратында жұмыс істеу кезінде бетперде тәртібін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Мәжіліс ғимаратына кіру Мәжілісте тұрақты аккредитациядан өткен, "Ashyq" жүйесінде қауіпсіз ("жасыл") мәртебесі бар немесе 3 күннен аспайтын мерзімге COVID-19-ға теріс ПТР тесті бар журналистерге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өтетін барлық іс-шаралар бұрынғыдай палатаның ресми сайтында және ютуб арнада онлайн режимінде жүргізіледі. Тіркеу туралы толық ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметінен алуға болады.



Мәжілістің Баспасөз қызметі