Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры ашылды

Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры ашылды
  • Дәрігердің қателігі дәлелденсе, науқас өтемақы ала алады.
  • Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры ашылды.
  • Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді.

Елімізде медициналық қызметкердің жауапкершілігін сақтандыру алгоритмі әзірленуде, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Министр науқастың мүддесін қорғап, ақ халаттылардың құқығын сақтауға мүмкіндік беретін жаңа реформа жайлы айтты. Бұл //дауды сотқа дейін жеткізбей, медиация тəртібімен реттеуге жол ашады. Егер жұмысына немқұрайлы қарап немесе науқасқа әдейі зиян келтірсе, онда қатаң жауапқа тарту керек. Абайсызда болса, сақтандыру арқылы өтеуге мүмкіндік беріледі. Алайда дәрігер міндетті түрде қайта дайындықтан өтіп, біліктілігін арттыруы тиіс, содан кейін ғана ол жұмысқа кірісе алады. Мұндай әдіс дамыған елдерде қолданылады. Қазір елде 220 мыңға жуық дәрігер мен орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. 

*****

ҚР Премьер-министрі ресми сайтының желідегі парақшаларына фишингтік шабуыл жасалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің басшысы Зарина Нұрланова Facebook-тегі парақшасында жазды. Қазіргі уақытта Facebook платформасымен аккаунттарды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық ақпаратты PrimeMinister.kz сайтыннан және Twitter, Vk, Instagram желілеріндегі ресми аккаунттарынан біле аласыздар, - деп жазды Зарина Нұрланова.

*****

Елордада «Қанаттылар» инклюзивті театры ашылды. «Жастар» театрының жанынан ашылған инклюзивті театрдың артықшылығы – ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың әлеуетін ашу, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру. Олар өткізілген сабақ есебінен де өзіндік оңалту алады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оңалту орталықтарының желісі едәуір кеңейтілді, жаңа үйлердің бірінші қабаттарында оңалту орталықтары ашылуда. Биыл жазда елордада көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша өз жұмысын бастады.

*****

Бүгін Нидерландының Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді. Шара елорда уақытымен 22:00-де басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нидерланд алғаш рет финалдық кезең ойындарын өткізу мүмкіндігіне ие болып отыр. Футзалдан ЕУРО-2022 чемпионаты ең үлкен жарыс болады. Еуропа финалында алғаш рет 16 команда сынға түседі. 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында 32 матч ойналады. Әр топ төрт командадан тұрады. Қазақстан құрамасы Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге 1-себетке түсті. Ертең барлық ойындардың билеттері сатылымға шығады. Футзалдан Еуропа чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтарында басталады. Финал 6 ақпан күні Амстердамда өтеді. 

*****

Бүгін Шымкентте бадминтоннан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. Ұлттық біріншілікте Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Алматы қаласынан спортшылар қатысады. Жарыс 24 қазанда аяқталады.