Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

АШМ: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту - Ұлттық жобаның басым бағыты

АШМ: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту - Ұлттық жобаның басым бағыты

Ұлттық жобаның басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын дамыту болады. Ол үшін заманауи кәсіпорындар салу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды көздейтін шаралар әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда инвестициялық жобалар пулындағы 194 жоба – өндірістің артуын және экспорт көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа жобалар.

«Бұл агроөнеркәсіптік кешен экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық жобаның басымдығы ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеуді қоса алғанда, ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйе қалыптастыру болмақ. Бұл қазақстандық өнім жасай алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға жол ашады»,- деді спикер береді.

АШМ мәліметінше, жалпы 5 жыл ішінде 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету, осылайша 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру көзделген.