Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі артады – Е. Қарашөкеев

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі артады – Е. Қарашөкеев

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғасады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы лизингі бағдарламалары кеңейтіледі. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4% – дан 6% – ға дейін артады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су беруді субсидиялау тетігін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданады, Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құру және қуаты жылына 1000 қондырғыға дейінгі қазіргі заманғы суару жүйелерін шығаратын зауыт салу жобасы іске асырылады. Бұл су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңдарды 450 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқым өсіру шаруашылықтарын қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен техникалық жарақтандыру есебінен дамыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын субсидиялау және агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметі мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру көзделген», - деді министр.

Оның айтуынша, бұл шаралардың қабылдануы жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін 98%-ға дейін, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін 29%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артады.