Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Енді асық атудан спорт шебері атағы беріледі

Енді асық атудан спорт шебері атағы беріледі

Елімізде бір апта ішінде 3059 қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі Істер министрінің кеңесшісі – Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз айтты. 

*****

Енді асық атудан спорт шебері атағы беріледі. Ұлттық ойынымыз ресми санат алатын деңгейге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Яғни ішкі біріншіліктерде топ жарғандар енді спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер атана алады. Бұл жөнінде Асық ату федерациясының өкілі Марат Исламбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бастама ұлттық ойынымызды жаңғыртуға және қатысушылар санын арттыруға тың серпін береді. Қазір асық ату мектеп бағдарламасына қосылып, бірқатар білім ордасында үйретіліп жүр. Бұған қоса, жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын жарыстары бар. Сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі спартакиада мен универсиадаларға қосылған. Тіпті елордада «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында саябақтарда асық атудан тегін шеберлік сағаттары өткізілуде.

*****

Талибан елдегі қауіпсіздікті күшейтпек ниетте. Оған жақында ғана Кандагардың оңтүстігіндегі мешітте болған жарылыс себеп, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол кезде содырдың өзін жарып жіберуінен 30-дан астам адам қайтыс болып, 70-ке жуық азамат жарақат алған еді. Оның алдында Құндыз қаласында да осыған ұқсас жағдай болған. Мешіттегі жарылыстан 150 адам көз жұмып, 200-ден аса кісі жараланды. Кейін бұл лаңкестік әрекетті «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының бір бөлімі ұйымдастырғаны белгілі болды. 

*****

Олимпиада алауы Бейжіңге табысталады. Олимпиада ойындарының отаны – Грекияның Олимпия қалашығында алауды табыстау салтанатының соңғы дайындығы пысықталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус шектеулеріне байланысты әзірлік шараларын тамашалауға көрермендер қатыстырылған жоқ. Қалыптасқан дәстүр бойынша алауды 2022 жылы қысқы Олимпиада өтетін Бейжіңге табыстау рәсімі бүгін өтуі тиіс. Іс-шараға қытай делегациясы қатысады. Айта кетейік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада келесі жылдың ақпанында, ал Паралимпиада наурызда өтеді деп белгіленген.

*****

Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин Никосияда (Кипр) бадминтоннан халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ерлер арасындағы финалда қазақстандық Дмитрий Панарин мен үндістандық Тарун Катам алаңға шықты. Панарин қарсыласынан басым түсті.