Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қорытынды жаңалықтар 21.10.2021

Қорытынды жаңалықтар 21.10.2021

Азаматтық қоғам институттарын барынша қолдау керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мәлімдеді. «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынас саласына жүйелі сараптама жүргізуде. Бұған қоса, министрлік қандай да бір кикілжің туындаған кезде тиімді әрекет жасаудың әдіс-тәсілдерін айқындайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы бұл жұмыста Ассамблеяның тәжірибесіне арқа сүйеген жөн екенін баса айтты. 

*****

Қоғамдық келісім мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көбейту керек. Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. 

Еліміздегі қалалар мен ауылдарда оқшауланған этникалық аудандар мен кварталдар қалыптасып келеді. Бұған қарсы жүйелі шаралар қабылдау керек. Әйтпесе мұның соңы келеңсіздікке әкеп соқтыруы мүмкін, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

*****

13 қазанда Мемлекет басшысы бекіткен 10 Ұлттық жобаның ішінде «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы да бар. Аталған жоба үш тармақтан тұрады. Оның «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты үшінші бағыты жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған. Жас ұрпақты мемлекеттік тұрғыдан қолдап, оларға жағдай жасау - басты міндет. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді. Министр жастардың рухани кемелденіп, кәсіби жетілуін көздейтін үш ауқымды міндеттің 2025 жылға дейін атқарылатынын айтты. Атап айтқанда, сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, сонымен қатар жастарды қоғамдық пайдалы істерге тартып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиесіне жаңа мүмкіндіктер ашу жоспарланған. Ал мұны шешу үшін 15 үлкен жоба қолға алынады. 

*****

«Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасын іске асыру үшін бюджеттен 1,1 трлн теңге қаржы қарастырылады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ұлттық жоба аясында мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Сондай-ақ мектепте жұмыс істейтін өзге де қызметкер лердің еңбекақысы өседі.

*****

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов АҚШ-тың Pfizer екпесін салдыруға қатысты әдістемелік ұсынымдарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, босанған келіншектер салдырады. «Вакцина салдыру алдында коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді. Вируспен ауырып жазылған адамдарға сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцина егуге болады. Өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармасы аумақтық департаментпен және білім басқармасымен бірлесіп жауапты мамандар қатарынан әрбір аудан, қала бойынша КВИ-ге қарсы вакцина салу жөніндегі іс-шараларды үйлестіретін кураторды тағайындауы қажет. «Бұл ретте халықпен жұмыстың ұйымдастырылуына, оның ішінде азаматтарды, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын ақпараттандыруға назар аудару керек. 

*****

Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта жазылғандай, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс және демалыс күндері «қызыл» және «қоныр қызыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде сағат түнгі 12-ге дейін ашық болады. Ал жоба көшбасшылары үшін сағат 2-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. «Сары» аймақта орналасқан облыстардағы нысандар сағат түнгі 1-ге дейін, жоба көшбасшылары сағат 3-ке дейін жұмыс істейді. «Жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде сағат түнгі 3-ке дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат таңғы 5-ке дейін жұмыс режимі белгіленді. Талап бойынша демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы тиіс.

*****

Елордалық кәсіпкерлер азық-түлік бағасын арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандарының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстеме баға мәселесін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдеріне шекті сауда үстемесінің 15 проценттен асып кету фактісі анықталған жағдайда кәсіпкерге ескерту жасалады, егер ескертуді елемеген кәсіпкер бір жыл ішінде қателік жасаса, шағын бизнес субъектілері үшін 10 АЕК, орта бизнес өкілдері үшін 75, ірі бизнес үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

*****

Қазақстан құрамасы Сербия астанасы Белградта өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысады. Сапар алдында Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына ұлттық құраманың капитаны болып екі Олимпиадаға қатысқан және әлем чемпионаттарының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов таңдалды. Сонымен бірге Бас жаттықтырушы болып Нұркен Аңдасов тағайындалды. Әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесі бойынша өтеді.