Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады

Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау арқылы – қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Сонымен қатар онда жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамасын жан-жақты қолдау ескерілген. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, жобада мемлекеттік тілге қатысты арнайы бағыт қарастырылған. «Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты іс-шаралар бар», - деді министр.

*****

Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Ашық Нормативті құқықтық актілер сайтында жарияланды. Алматы қаласы мәслихаты «Дәрі-дәрмекпен қосымша қамтамасыз ету туралы» шешімге толықтырулар енгізуді көздеп отыр. Аталған жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқыға түседі. 

*****

Семей қаласында жыл басынан бері табысы артқан 400 отбасыға Атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінгі таңда қалада 2 708 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Жыл басынан бері отбасының жиынтық табысының артуына байланысты 401 отбасына төлем уақытша тоқтатылды. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында Семей қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдаудың негізгі бағыттарының бірі – баспанамен қамту. Осы ретте, 764 отбасыға үй алу үшін алғашқы жарна ретінде қаржылай көмек көрсетілген. 

*****

Жамбыл облысының тұрғындарынан 30 келіден астам есірткі тәркіленді. 5 адамнан тұратын топ «марихуана» есірткілік затын дайындап, оны басқа облыстарға сатумен айналысқаны анықталды. 39 бен 51 жас аралығындағы күдіктілердің төртеуі Байзақ ауданынан болса, біреуі Тараз қаласының тұрғыны. Тінту барысында олардан есірткіден бөлек, оны дайындайтын құрылғылар, бірнеше құжатсыз қару мен оқ-дәрілер табылған. Қазір аталған тұлғалар облыс орталығындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

*****

Шымкентте акцизі жоқ темекі сатқан ер адам сотталды. Оның көлеңкелі кәсіппен айналысып жүргенін Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің мамандары анықтаған. Ол темекінің бірнеше түрін заңсыз саудалаған. Құзырлы орган өкілдері одан 15 мың қорап темекі өнімдерін тәркіледі. Заң бұзған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот үкімімен 1 жылға бас бостандығы шектелді.