Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады

Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады

Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Хабар 24. Дүйсенбіден бері денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген адамды жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. «Міндетті вакцина алмаған адамдар ПТР тестіден өтуі керек Еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінгі таңда жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни, Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитар дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Сондықтан қазіргі таңда жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50% немесе ең төменгі ебекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін», – деді ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

*****

Өзбекстанда жыл соңына дейін коронавирустан ел тұрғындарының 80 пайызына вакцина егу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін халықаралық медиа-холдағы ашық диалог барысында Өзбекстан Республикасының вице-премьері Бехзод Мұсаев мәлім етті. Спикер мәліметінше, елде вакцина алуы тиіс 18 жастан асқан 21 миллион халықтың 60 пайызы бірінші дозаны салдыртқан. Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталған. Вакциналау бес препаратпен жүзеге асырылуда, олар: AstraZeneca, ZF-UZ-VAC2001, «Спутник-V», Moderna және Pfizer. 3 тамызда республикада жұмыс істейтін тұрғындарды міндетті түрде вакциналаудың құқықтық негізін бекіткен заң қабылданды. 29 қыркүйектен бастап Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын ерікті түрде егуге рұқсат етілді.

*****

Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ пен көлік соқтығысты. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан байқалғандай көлік әуе кемесінің қанатының астында қалып қойған. Әуежай өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, ұшақ бортында «Қайрат» футбол клубының ұжымы болған. Олар кеше конференция лигасының топтық кезеңінде «Карабах» командасымен матч өткізген соң елге оралған беті екен. Сондай-ақ, әуе кемесінің FlyJet.kz компаниясына тиесілі екендігі анықталды. Борт Баку қаласынан Алматы әуежайына бүгін таңғы уақытта қонған.

*****

Елімізде демалыс күндері күн құбылмалы болады. Қазгидрометтің болжауынша, Қазақстан аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массасы келіп, ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне әсер етеді. Дегенмен батыс өңірлерде Солтүстік циклон жырасынан ауа температурасы төмендейді. Жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.