Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде көлік бағасы тағы қымбаттады

Елімізде көлік бағасы тағы қымбаттады
  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
  • Қазақстанда 15 университтің лицензиясы қайтарып алынды.
  • Елімізде көлік бағасы тағы қымбаттады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Отырыс бейнеконференция форматында ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы өз сөзінде мұнай-газ секторы - Қазақстанның экономикасын өркендетуге жол ашқан басты саланың бірі екенін айтты. 

Бұл саланы дамыту үшін шетелден ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттердің қатарында. Қазір жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз. Өнімді сыртқа шығаратын Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиын барысында.

*****

 Коронавирусқа шалдыққандардың 95 пайызы – вакцина алмағандар. Бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі халықты екпе алуға шақырды.

«Талдаулар індетті ауыр өткеріп жатқан науқастардың негізгі үлесі - вакцина алмаған халыққа тиесілі екенін көрсетті. 1 ақпаннан бері екпе алмаған науқастардың вируспен ауырғандар арасындағы үлесі шамамен 95% болып отыр. 5%-ы ғана вакцина салдырған азаматтар арасында тіркелген. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастардың үлесі де осыған ұқсас – 96% - ға жуығы екпе алмаған», - деген Алексей Цой тағы да халыққа жүгініп, осы уақытқа дейін вакцина алмаған азаматтарды дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

*****

Сонымен қатар, Үкімет отырысында ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесі талқыланды. Ауылдарға су тарту жұмыстары туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. Елімізде барлығы 6 316 ауыл бар. Оның 4 мыңға жуығы орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды. Бейбіт Атамқұлов қалған 2 мыңға жуық ауылды сумен қамту мәселесін шешу жолдарын атап өтті.

*****

Бұдан басқа Үкіметте жоғары білім беру сапасын арттыру мәселесі қаралды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, білім сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылау күшейтілді. Осының нәтижесінде елдегі 15 университтің лицензиясы қайтарып алынған.

*****

Елімізде көлік бағасы тағы қымбаттады. Автобизнес қауымдастығының дерегі бойынша жыл басынан бері жаңа көліктер 8,3, ал жүрілген машиналар 10 пайызға өскен. Бағаның көтерілуіне негізінен автокөлік жетіспеушілігі әсер еткен. Оның үстіне логистика мен металл бағасының өсуі де көлік құнын аспандатып жіберген. Қазір салондарда теміртұлпар тапшы. Жұрт жаңа көлікке кезекке тұрып, айлап күтуге мәжбүр. Автосарапшылар нарық келесі жылдың ортасында қалпына келеді деп болжап отыр.

Айта кетейік елімізде 10 айда 100 мыңдай жаңа машина сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға көп.