Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қ. Тоқаев: Жалғызбасы ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңдастыру керек

Қ. Тоқаев: Жалғызбасы ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңдастыру керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтың күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске ілтипат білдіре отырып, оның сапары атаулы дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен жан-жақты диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске адам құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға және жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған Қазақстандағы демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.

*****

Жалғызбасы ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыда қарастыру қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. ҚР Президент мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ана мен баланы қолдау екеніне назар аудартты. «Олар үшін ерекше еңбек жағдайын жасау қажет. Жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу және жұмыс істеудің қысқартылған режимі құқығын заңнамалық деңгейде қарастырған жөн. Дамыған елдерде ірі компаниялар өз кеңселелерде балалар бөлмелерін ашып жатады. Мұндай тәжірибе бізде де нормаға айналуы тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының атап өтуінше, ол үшін аталған санатқа кіретін жұмысшының мүддесін ескеретін жұмыс режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет.

*****

Енді елдегі эпид ахуалға тоқталайық... Өткен тәулікте елімізде 1 058 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды. 2 298 адам қауіпті індеттен жазылып шықты. Бүгін жарияланған ақпаратқа сәйкес елімізде 32 622 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың 6 611 –і стационарда, 26 мыңнан астамы амбулаторияда ем қабылдауда. 504 адамның жағдайы ауыр, 130 пациент нашар жатыр, 86 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Вакцина салдырғандарға қатысты шыққан соңғы мәліметтерге сәйкес елде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 млн 578 мың 822 адам, 2 - ші компонентін 7 млн 864 мың 800 адам салдырды . Сондай-ақ, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналауға қатысты 16 қарашадағы мәлімет бойынша Pfizer препаратының 1-ші – компонентін 4 779 адам салдырды.

*****

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Қызыл» аймақта екі өңір қалды. Ол Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

*****

Футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен басым түсті. Екі құрама бұған дейін төрт рет кездесті. Олардың барлығы жолдастық кездесу болды. Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында қазақстандық құрама D тобында сынға түсті. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Ұлттық құрама үш ұпай жинап, өз тобында соңғы орынға жайғасты.