Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркі елдері кеңесінен түркі мемлекеттері ұйымына дейін

Түркі елдері кеңесінен түркі мемлекеттері ұйымына дейін

2021 жылдың қараша айы түркі халықтары тарихында алтын әріппен жазылған, ұрпақ болашағын ойлаған басшылардың оң шешім қабылдаған маңызды белесі ретінде есте қалмақшы. Тарихи тамыры бір ортақ Түркітілдес мемлекеттердің басшылары Түркияның тарихи, рухани және экономикалық орталығы Ыстамбұлда бас қосып, түркі кеңесінің VIII саммитін өткізді. 

«Түркі әлемі» хабарында әлем назарын өзіне аударған саммитте қандай мәселелер қозғалды, түбі бір елдердің болашақ ортақ жоспарлары қандай болмақ, туысқан халықтарға бұл ұйымның пайдасы қандай деген сауалдарға жауап іздеді.

Бұл ұйымның құрылуы түркі елдері басшыларының аяқ астынан қабылдай салған шешімі емес. Бұл өткен ғасырдың басында «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынған Тұрар Рысқұловтың, бүкіл түркі тілдес халықтарды біріктіріп, түркі әлемі өркениетін дамытқысы келген «Тілде, пікірде, істе бірлік» деген ұран-идеяны ұстанған Ысмайыл Ғаспыралының, тәуелсіз түркі мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта танылуына, Кеңес Одағының құрамында болған түркі елдерің болашағына алаңдап, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанды алғашқылардың бірі болып таныған Тұрғыт Өзал және де түркі дүниясын қолдаушы есіл ерлердің асыл арманы еді.

Саммиті өткізу үшін «демократия және бостандық аралын» таңдап алуы тегін емес. Бұл арал саяси босқындардың аралы, қазір Түрік халқы үшін демократия символы. Тарихи терең, қастерлі жер. ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз сөзінде Түркия Республикасының сол кездегі премьер-министрі Аднан Мендерестің 1952 жылы қазақтарды Анадолыға алып келген ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын, осындай елеулі күнде марқұмның рухына тағзым ететінін жеткізді. Олар Қытайда бостандық аңсап көтеріліс жасаған Оспан батырды өлім жазасына кесіп, соңына ерген халықты да ауыр жазаламақ болғанда Тибет арқылы қашуға мәжбүр болған ағайындар еді. Кеңес әскерімен Қытай әскері бірлесе қуғындаған Қазақтар көп қырғын көріп Кашмир жеріне жетеді. Бабыр, Мұхамедхайдар Дулати ұрпақтары Үндістанға бағынғысы келмей талай дүмпуге ұласқаны тарихтан белгілі. Олардың қатарына тілі бөлек болғанмен діні мен арғы түбі бір Қазақтардың қосылғанын Үнді үкіметі қабылдамады. Кері қайтарса қырылары анық. Дәл осы кезде Түрік өкіметі осы бір тарихи әрекетке барды. Қазіргі кездегі Түркия мен күллі еуропаны жайлаған Қазақ диаспорасы түгелге дерлік сол ағайындардың ұрпақтары.

Хабардың толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар.

Хабрды жүргізген - Толқын Сұлтан.