Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде халықты ревакциналау басталды

Елімізде халықты ревакциналау басталды
  • Елімізде халықты ревакциналау басталды.
  • Алматыда карантин шаралары жеңілдетілсе, Еуропада керісінше індет өршіп барады.
  • Каратэден Қазақстан командасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстанда халықты ревакциналау басталды. Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бұл медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері. Биыл жасы 60-тан асқандарға да екпенің үшінші бөлігін салдыруға рұқсат етілді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ревакциналаудың бірінші кезеңінде миллион, ал екінші кезеңінде 6 миллионнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

*****

Өткен тәулікте Қазақстанда 921 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 964 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 30 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6,5 мыңнан астам пациент стационарда, қалғаны амбулаторияда ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 500-ге жуық адам хал үстінде жатыр.

*****

Бүгінде Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 млн 665 мыңға жуық адам алды. 7 млн 946 мыңнан астам адам иммундаудың толық курсынан өтті. Вакциналау науқанында Түркістан облысы, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары белсенділік танытуда.

*****

Бір апта бұрын «жасыл» аймаққа көшкен Алматыда карантин шектеулері алынады. Бүгіннен бастап туристік бағытта қала арасында қатынайтын көліктер өз қызметін жандандыра алады. Вокзалдар, білім беру ұйымдары, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындары 50 пайызға толтырылуы шарт. Сонымен қатар Ashyq жобасының қатысушысы болуы тиіс.

*****

Франция билігі коронавирустың бесінші толқыны «қарқынды» басталғанын мәлімдеді. Мұнда бір апта ішінде инфекция жұқтырудың жаңа жағдайлары 80% өсті. Күн сайын орта есеппен вирусқа шалдыққан 17 мың адам тіркеледі. Ал, Австрияда коронавирус өршігендіктен бүгіннен бастап елдің күллі аумағында толық локдаун енгізілді. Бұған дейін билік тек вакцина салмаған тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойған еді. Қатаң локдаун 10 күнге жалғасады. Ақпанның 1-нен бастап Австрия азаматтарының бәрінен вакцина салу талап етілмек. Айма кетейік. падемия басталғалы мұнда әр 10-шы тұрғын вирус жұқтырған.

*****

Кипр президенті антиваксерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Никос Анастасиадис тұрғындардың иммундау курсын аяқтау үшін немесе вакцинаның бірінші компонентін қабылдау үшін екі-үш апталық кезең берілетінін атап өтті. Президенттің сөзінше, бұл мүмкіндіктен кейін шаралар күшейтіледі.

*****

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратеден әлем чемпионаты өтті. Медаль үшін сынға түскен қазақстандық төрт спортшының екеуі жүлдегер атанды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақта әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов қола медаль үшін өткен жекпе-жекте бельгиялық қарсыласын жеңіп, әлем үздіктерінің қатарына енді. Сонымен қатар, үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан ерлер командасы Түркияны 3:1 есебімен ұтты. Осылайша, тарихта алғаш рет каратэден Қазақстан командасы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып отыр.