Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеді

Қазақстан жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеді

Осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов Азаматтық форумы аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Жиын онлайн форматта өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзіндік моделін қалыптастыруға мүмкіндік берген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріндегі жұртшылықтың рөлі туралы айтып берді. Ол сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесін жетілдіру туралы, сарапшылар ретінде азаматтық қоғам өкілдері шығатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтының жұмысы мен бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын енгізу және квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтерді енгізу туралы айтты. «Агенттік сыбайлас жемқорлықты жеке дара жеңе алмайды. Барлық азаматтық қоғамды белсенді тарту қажет. Сондықтан қоғамдық белсенділік алдағы 5 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеу кезінде ерекше маңызға ие болды»,- деді Марат Ахметжанов. Жиында сөзін қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық схемалар мен жасырын ұрлықтарды ашуға баса назар аударғанын, бұл ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік бергенін де жеткізді. «Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 қылмыстық істі тіркеді. 18 адам күдікті деп танылды. Оның 14-і қамауда. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда»,- деді Марат Ахметжанов. Қазақстан жемқорлықпен күресті превенция бағытында күшейтеді-деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.

*****

Сонымен қатар осы аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Демспен кездесті. Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасу кезеңдері баяндалды. Спикер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жауапкершілік институты туралы айтты.

*****

Осы аптада Агенттік Төрағасы Марат Ахметжанов Түркістан облысының активімен де кездесті. Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реформалар туралы айтып берді. Сонымен қатар, Агенттік басшысы облыстағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының статистикасына тоқталды: «Жаңа облыс құрылғаннан бері 400-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Жыл сайын қылмыстық жауапкершілікке тұрақты негізде 80-нен астам лауазымды тұлға тартылады. Биыл 50 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың 28-і сотталды».

*****

Шымкент қаласына жұмыс сапары кезінде Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген кеңеске қатысты. Іс-шара мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, депутаттардың, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өтті. Марат Ахметжанов өз сөзінде әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасы туралы айтып берді. Ол Тұжырымдаманың новеллаларының бірі негізсіз баю және шығыстардың кірістерден асып кетуі үшін жауапкершілікті енгізу екендігін атап өтті. Бұл қаржылық тексеруді бастау үшін сигнал болады. «Бүгінде жаңа талаптар бойынша барлық мемлекеттік органдарда жобалық басқару енгізілуде. Ел дамуының барлық жалпыұлттық басымдықтары енді осы қағидаттар арқылы іске асырылады. Сондықтан, қазір барлық мемлекеттік органдар үшін Ұлттық жобалардан басқа 6 негізгі міндетті жобалық бағыт анықталды. Олардың бірі - «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық бастамалар осы бағыт аясында жүзеге асырылады», - деді Марат Ахметжанов. Агенттік басшысының мәліметінше, 2019 жылдан бастап жыл сайын 100-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркеледі, 70-тен астам лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады.