Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде 20 мыңнан астам балаға коронавирусқа қарсы екпе егілген

Елімізде 20 мыңнан астам балаға коронавирусқа қарсы екпе егілген

Елімізде 20 мыңнан астам балаға коронавирусқа қарсы екпе егілген. ДСМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Pfizer екпесін ақысыз негізде 27 554 адам алған. Соның 20 381-і жасы 12-ден асқан жөсөспірімдер. Одан бөлек 2 499 жүкті әйел коронавирусқа қрасы вакцина қабылдаған. Сондай-ақ бала емізіп жүрген 4 674 ана Pfizer вакцинасын салғызған. Айта өтейік, Қазақстанда халықты ревакциналау басталды . Науқан екі кезеңнен тұрады. Осыған дейін вакцинаның екі дозасын да салдырғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бұл – медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ күш құрылымдарының қызметкерлері. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева Pfizer вакцинасы қатерлі ісікке де, диабетке де, аутизмге де әкелмейтінін айтады. Еске салсақ, өткен аптада Үкімет басшысы Асқар Мамин Pfizer вакцинасын ақылы нарық сегментіне шығару туралы ұсынысты мақұлдады.

*****

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін елімізде 8 650 815 адам салдырған. 2 - ші компонентін ектіргендер саны 7 969 940. Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның басым өңірлері «жасыл» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай өңірлері.

*****

Ауғанстанда кедейлік артып, бір тілім нанға мұқтаж адамдар саны еселеніп жатыр. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы аясында Кабулда 7 мың тұрғынға соңғы 2 айда 76 доллардан, яғни 32 мың теңгеден көмек берілген. Былтыр 9 миллион адамға ақшалай жәрдем берілсе, биыл тәліптер билікті басып алғаннан кейін мұқтаж жандардың қатары 14 миллионға бір-ақ жеткен. Халықаралық азық-түлік агенттігінің болжамынша, келесі жылы аш-жалаңаш тұрғындардың саны 23 миллиондай болуы мүмкін, сондықтан олардың мұқтаждығын өтеу үшін донорлар тарапынан ай сайын 220 миллион доллар түсіп тұруы қажет.

*****

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде 23-25 қараша күндері каратэ шито-рюден балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыстың командалары қатысады. Қазақстан каратэ федерациясының бас хатшысы Асхат Қосақов қазіргі кезде Оралда жалауын көтергелі отырған чемпионатқа қатысуға 600-дей спортшының тіркелгенін жеткізді.

*****

Алдағы күндері ел аумағында қатты аяз болады. Қазгидромет мамандары осылай деп болжам жасап отыр. Ертеңнен бастап 25 қарашаға дейін бірқатар облыстарда тұман, көктайғақ және екпінді жел тұруы ықтимал. Ал, республиканың солтүстік аймақтарында бұрқасын жел мен боран соғады деген болжам бар. Батыста, солтүстік-батыс пен теріскейде ауа температурасы минус 23 градусқа төмендейді, күндіз минус 15 градус аяз болуы мүмкін.