Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенатта Қазақстанның Тәжікстанмен және Қырғызстанмен ынтымақтастығы талқыланды

Сенатта Қазақстанның Тәжікстанмен және Қырғызстанмен ынтымақтастығы талқыланды

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутаттар Қазақстан Қарулы Күштерінің Тәжікстан және Қырғызстан армияларымен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін заң жобаларын талқылады.

Онда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасының іргелес аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы және өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы екі келісім ратификациялауға ұсынылады. Құжаттың басты мақсаты – тәжік-ауған шекарасының аумағында қауіпсіздікті нығайту болып отыр.

Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялауға қатысты тағы бір заң жобасына сәйкес әскери мүлікті Қазақстаннан Қырғызстанға бір реттік беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету көзделуде. Құжаттың негізгі міндеті – Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту болып табылады.

Тараптар бұл ретте барлық көрсетілген келісімдер бойынша алынған әскери мүлікті тек осы Келісімнің мақсаттарында пайдалануға және оны үшінші тарапқа бермеуге міндетіне алатын болады.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.




Сенаттың Баспасөз қызметі