Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маңғыстауда 500 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ашылды

Маңғыстауда 500 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ашылды

  • Ауа райына байланысты өңірлерде құтқарушылар мен патрульдік полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
  • Атырау облысында жеке сектордағы өрт оқиғалары көбейді.
  • Маңғыстауда 500 мың кітап қоры бар жаңа кітапхана ашылды.

Қазақстанда өткен тәулікте 905 адамда коронавирус індеті ПТР-тест арқылы расталды. Жалпы пандемия басталғалы елімізде 966 мыңнан астам адамнан індет анықталды. Алматыда бір тәулікте 100-ден астам маман коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті. Қалада екпенің үшінші дозасын алу қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін емханаларда инактивтендірілген QazVac және Vero Cell вакциналары қолжетімді. Ревакцинациядан алдымен ұстаздар өтіп жатыр. Сондай-ақ қала емханаларында жүкті келіншектерге, бала емізетін аналар мен 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы да салынуда.
*****
Қайта екпе салу басталғалы Павлодар облысында 100-ден аса тұрғын вакцина салдырған. Сонымен қатар, өңірде созылмалы ауруға шалдығып, диспансерлік есепке алынған адамдар короновирусқа қарсы екпе салдыруға жиі келе бастады. Мәселен, аймақта 337 мың адам вакцина салдырған. Соның 20 пайызы дәрігер бақылауындағы адамдар.
*****
Ауа райы қолайсыз өңірлерде құтқарушылар мен патрульдік полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Еліміздің шығысында қатты боран соғып, жолдар жабылып жатыр. Қар құрсауында қалғандар бар. Қарағандыда қар аралас жаңбыр жауып, жер көктайғаққа айналды. Балқаш пен Алматы арасындағы автобанда мұз қатып, көлік жүре алмай қалған. Соның салдарынан Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде кептеліс пайда болды. Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Ал оқыс жағдайға тап болған тұрғындар 1403 нөміріне хабарласуға болады.
Атырау облысында жыл басынан бері 300-ге жуық өрт тіркелді. Биыл тұрғын үй секторында 128 өрт тұтанған. Ал, жылыту маусымы кезеңінде 42 тұрғын үйді тілсіз жау шарпыған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұндай өрт оқиғасы екі есе көбейіп отыр. Қауіпті жағдайды болдырмау мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мұнда көпбалалы отбасылардың үйіне жергілікті бюджет есебінен алынған улы газды анықтайтын 332 дабылқаққыш орнатылған.
*****
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында озық үлгідегі әмбебап кітапхана ашылды. ​Қабиболла Сыдықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы аймақтағы 66 кітапхананың әдістемелік орталығы болады. Ғимарат ішінде Тұңғыш президент залы, зағип жандарға арналған, интернет кабинеті, шетел әдебиеті, балалар мен жасөспірімдер залы сынды 12 зал мен 5 оқу бөлімі жұмыс істейді. ​Бүгінде 500 мың кітап қоры бар кітапхана жыл сайын толықтырылмақ.
*****
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларустің «Динамо» командасына қарсы өткізді. Қазақстандық хоккейшілер екі команда арасындағы соңғы үш кездесуде қарсыластарына есе жіберген болатын. Сондықтан «Барыс» сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Негізгі кезеңде командалар 2:2 есебімен тең түсіп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте біздің жерлестеріміз басым түсті. Енді «Барыс» ертең елордада Ресейдің «Торпедо» командасын қабылдайды.