Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды

Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың қатысумен облыс әкімдігінде аймақтық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Жиында мәслихат депутаттары Амандық Баталовты қызметінен босату жөніндегі шешімге дауыс берді. Нәтижесінде Амандық Баталов Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды. Ал, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
*****
Алматы облысының әкімі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды. Осыған орай, Қанат Бозымбаев Президенттің көмекшісі лауазымынан босатылды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.
*****
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада өтіп жатқан «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумына үндеу жолдады.
«Біз 30 жыл ішінде ата-бабамыздың асыл арманын орындап қана қоймай, оны баянды ете білдік. Қазақстанды әлем таныған, жаһан мойындаған іргелі мемлекетке айналдырдық», - деді Елбасы.
*****
Бүгін жұмысын жалғастырған 10-шы Азаматтық форум аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, азаматтық қоғамды дамыту жолдары талқылануда. Пікірталас алаңында онлайн және оффлайн режимде мәжіліс депутаттары, министрліктер өкілдері, қоғам қайраткерлері, шетелдік сарапшылар жиналды. Алдымен «Азаматтық қоғам мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыға түсті. Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай алдағы уақытта да бағдарламаны жүзеге асыруға азаматтық альянс өкілдері белсенді қатысатынына сенім білдірді.
*****
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы қызметкерлері тамаша тартумен келді. Ондағы дихандар «АЛТЫН КҮЗ» мерекесін зор табыспен қарсы алды. Биыл елдегі қуаңшылыққа қарамастан Ордабасылық ауыл шаруашылық саласы жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Жыл қорытындысымен бұл салаға инвестиция артығымен тартылды, -дейді Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев.
Снх: Батыршаев каз.