Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берілді,- деп хабарлайды Ақорда.

Президентке әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, газбен қамту, инвестиция тарту, үлескерлік құрылыс нысандарын салуды аяқтау жұмыстары жөнінде баяндалды.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспаналар, білім беру ошақтары мен басқа да әлеуметтік нысандар саны рекордтық деңгейге жеткен. Мәселен, 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер салынса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10 мыңға дейін жеткен. 2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар биыл пайдалануға берілген 15 мектеп 40 мыңға жуық оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. Келесі жылы тағы да 16 мектеп салу жоспарланған.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары және елордада жүргізіліп жатқан вакциналау жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.