Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Енді Ресейге барған қазақстандықтар нашақорлық пен жұқпалы ауруы жоғын растауы керек

Енді Ресейге барған қазақстандықтар нашақорлық пен жұқпалы ауруы жоғын растауы керек

29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам мерзімге баратын ел азаматтары ресейлік медициналық мекемелерде нашақорлық пен жұқпалы аурулардың, оның ішінде АИТВ инфекциясының жоқтығын растауы керек. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі хабарлады. Анықтамаларды ІІМ аумақтық органдарына тапсыру қажет. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі ұсына алады. Сондай-ақ, қазақстандықтарға міндетті мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өту қажет, бұдан кейін ІІМ-нің аумақтық органдары оларға тиісті құжат береді.

*****

Елдегі эпид ахуалға тоқталайық...

Елде өткен тәулікте 946 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Сонымен қатар 1 392 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Сондай-ақ коронаирус белгілері бар пневмонияның 141 жағдайы тіркелді.

*****

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Қызыл» аймақта екі өңір қалып отыр. Ол Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

*****

Бүгін жарияланған ақпаратқа сәйкес елде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 млн 677 мың 674 адам, 2 - ші компонентін 8 млн 008 мың 545 адам салдырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

*****

Еуропа елдерінде коронавируспен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты карантин талаптары күшейтілді. Германияда қатаң шектеулер күшіне енді: Берлин мен Гамбург QR-кодсыз немесе ПТР-тестсіз қоғамдық көлікпен жүруге тыйым салды, Бавария, Саксония және Тюрингияда локдаун енгізілді, бірқатар аймақтарда барларға, клубтарға вакцинациясыз және тестсіз баруға тыйым салынды. Словакияда жалпы локдаун енгізу жоспарланып отыр. Елде 2 аптаға «қатаң» оқшаулау енгізілуі мүмкін. Елдің ауруханалары науқастарға лық толып барады.

*****

Екінші қабылдау қорытындысы бойынша магистратураға 6 778 өтініш түсті. Докторантурада оқу үшін 700-ден астам өтініш берілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспаөз қызметі хабарлады. «Енді тестілеуді сәтті тапсырған 7 мыңға жуық үміткер жазғы қабылдау қорытындысы бойынша артық қалған гранттарды жеңіп алады», – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев. Айта кетейік, магистратураға кешенді тестілеу және докторантураға түсу емтихандары желтоқсанның 2-11 күндері аралығында өткізіледі. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 25 желтоқсанға дейін қабылданады.

*****

Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» командасына қарсы өткізеді. Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 35 рет шеберлік байқасты. Оның 20-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.