Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар саны 22 мыңнан асады

Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар саны 22 мыңнан асады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды. «Келісім тәжік тарапына әскери мүлікті, оқ-дәрілерді бір рет беруді көздейді. Қазақстан тарапы әскери мүлікті Жамбыл облысының Отар станциясынан Тәжікстан Республикасының аумағына дейін теміржол көлігімен жеткізуді қамтамасыз етіп, оған байланысты барлық шығысты өзі көтереді», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев.

*****

Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар саны 22 мыңнан асады. Бұл туралы 10-шы Азаматтық форум аясында өткен халықаралық әріптестік бойынша конференцияда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов айтты. Оның атап өтуінше Президент жарлығымен алдағы 10 жылға арналған азаматтық қоғамды дамыту Концепциясы қабылданды.

*****

Елорда мектептерінде екінші ауысымдағы 0-7 сыныптар онлайн оқуға ауыстырылды. «25 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының хабарламасында.

*****

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік иелеріне ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болу керектігін ескертті. «Қалың қар жауғандықтан арнайы техника елорда көшелерін тазалау үшін тәуліктік режимен жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілерді көлігін жол бойында қалдырмауға шақырамыз. Бұл қар күреу жұмыстары мен қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіреді. Жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық пен қауіпсіз қашықтық режимін сақтаңыз», -деп жазады департаменттің баспасөз қызметі. Полиция тұрғындарға қала сыртына шықпауға кеңес беріп отыр. Жаяу жүргіншілерге де өте мұқият болу керек», - делінген департамент ақпаратында.