Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдары реттеледі

Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдары реттеледі

15 00

Енді қазақстандықтардың мобильді аударымдары реттеледі. Сенат депутаттары Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді қабылдады. Депутат Ғұмар Дүйсембаев заң жобасында көзделген негізгі шараларды түсіндіріп берді. Оның айтуынша, ең төменгі жалақыны айлық есептік көрсеткішке ауыстыру жолымен оны есептік көрсеткіш ретінде пайдалануды алып тастау ұсынылады. Сондай- ақ, Салық кодексінде 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтер көрсететін шетелдік интернет-компаниялардың қосылған құн салықты тіркеу мен төлеудің жеңілдетілген тәртібі көзделген. Ал, отандық өндірушілер үшін акцизден кейінгі төлем енгізіледі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы салық режимін және бірыңғай жиынтық төлемді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерін қайта қарау ұсынылады. Бұдан басқа мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысулар кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдану заңдастырылады. Кәсіпкерлер бизнесті жүргізуге арналған жеке шоттарды пайдалануға міндеттеледі. Ал банктер мемлекеттік кірістер органдарына тиісті мәліметтерді беруі қажет,-дейді Сенат депутаты.

*****

10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің өсім қарқыны бойынша көш бастады. Екі жыл ішінде бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге артты. Биыл өңір аграийлері 30 жылдың ішінде тұңғыш рет 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар жинады. Сонымен бірге, суармалы егістіктер, ет, сүт, өңдеу өндірістерінің ауданы ұлғайып келеді. жыл басынан бері ет және ет өнімдерінің экспорты үштен бірге артқан. Жыл соңына дейін мал шаруашылығының тағы бес нысаны және 32 қайта өңдеу нысанын іске қосу жоспарланып отыр, - дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

*****

Бүгін Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция басталды. ​ Шараның негізгі мақсаты – ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.​ ​Бір ғана Қызылорда облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 4000-нан астам хабарлама түсіп, тиісті шешімдер қабылданған. Жалпы аймақта әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда төмендеді,-дейді Қызылорда облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Светлана Баймағанбетова.

*****

 Нұр-Сұлтан қаласын қалың қар басты. Ауа райының қолайсыздығы жұртты әуре сарсаңға түсірді.. Елордадағы барлық коммуналды қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшкен. Қар күреуге 2 мың жұмысшы және 2 мың арнайы техника жұмылдырылған. Тек соңғы тәулікте қалада қардың 1 айлық нормасы жауып қалған. Салдарынан қоғамдық көліктің қозғалысы қиындады. Әуежайдағы ұшып-қону алаңын да қалың қар басып қалғандықтан, өткен түнде бірқатар әуе рейсінің уақыты өзгерген. Ауа райының қолайсыздығынан бүгін екінші ауысымдағы 1-ші 7-ші сынып оқушылары сабақтарын онлайн форматта бастады.