Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дәрігерлердің жалақысын көтеруге 361 млрд теңге қаржы бөлінеді

Дәрігерлердің жалақысын көтеруге 361 млрд теңге қаржы бөлінеді

Келесі жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге 361 млрд теңге қаржы бөлінеді. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған. «Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2020-2025 жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған. Биыл денсаулық сақтау саласында 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы артты. Ал, 2023 жылға қарай дәрігерлердің айлығы экономикадағы орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін артады. Деректерге қарағанда, бұл мақсатқа келесі жылға – 361 млрд теңге, 2023 жылы 557 млрд теңге көзделіп отыр.

*****

Бүгін Х Азаматтық форум шеңберінде ҮЕҰ-ға арналған арнайы сыйлық тапсырылды. Бұл осы ұйымдарды 15 маңызды бағыт бойынша республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін ынталандыруға бағытталған дәстүрлі шара. Сонымен қатар, «Таңдау» байқауының жеңімпаздары марапаталды. Байқаудың негізгі идеясы – Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өміріне, азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдар қызметінің жетістіктерін көпшілік алдында тану,-дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

*****

Республикалық маңызы бар жолдарда және қалаларда ақылы жолдар бойынша 7 қызмет көрсету орталығы жұмыс істей бастады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, орталықтарға ақылы учаскелер бойынша қандайда бір сауалдар туындаған жағдайда немесе абонементтерді рәсімдеу үшін жүгінуге болады. Бұдан бөлек, жүк тасымалына қатысты қызмет көрсететін ұйымдардың келісімшарт жасасу және алдын ала төлем жасау туралы толық мәлімет алу мүмкіндігі бар.

*****

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың жылдам тарайтын жаңа нұсқасы пайда болды. Оған қазіргі вакциналардың қарсы әсері өте төмен болуы мүмкін. Вирустың бұрын болмаған түрі елдің Гаутенг провинциясында 77 адамнан анықталған. Бұған қоса оны Ботсванада 4, ал Гонконгта 1 адам жұқтырған. Коронавирустың жаңа түрін талқылау үшін бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл отырыс өткізеді.

*****

Түркия өз вакцинасын мақұлдауға өтініш берді. Turkovac деп аталатын препаратты Эрджияс университетінің ғалымдары Түркия Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жасаған. Қазір клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталуға жақын. Бұған дейін бұл елдің мамандары бірінші және екінші фазасын сынақтан сәтті өткізген болатын. Үшінші кезең сәтті аяқталса, вакцинаны жаппай өндіріске және пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

*****

Еліміздің шығысында қар көшкіні жүруі мүмкін. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңір бойынша метеорологиялық ахуалдың өзгеруіне, жаңбыр мен қардың толассыз жаууы, желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі туындап отыр. Облыстың таулы аумақтарында қар көшкіні ықтималдығы қарашаның 30-ына дейін сақталады. Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға барынша абай болуды және тауға шықпау қажеттігін ескертеді.