Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Марат Ахметжанов БҰҰ ЕҚБ атқарушы директорымен кездесті

Марат Ахметжанов БҰҰ ЕҚБ атқарушы директорымен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжанов БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқарманың атқарушы директоры, БҰҰ Венадағы кеңсесінің бас директоры Гада Фатхи Валимен кездесті. Онда Антикор басшысы елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реформалар туралы айтып берді. Сонымен қатар, әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасына егжей-тегжейлі тоқталды. Ал, Вали ханым Қазақстанды БҰҰ-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының жаһандық жедел желісі» атты жаңа бастамасына қосылуға шақырды. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы уағдаласты. Гада Фатхи Вали салада әдістемелік және сараптамалық көмек көрсетуге уәде берді. Жалпы, кеңсе басшысы Қазақстанның халықаралық рейтингтерде алға көтерілуін атап өтіп, түрлі саладағы сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюда цифрлық құралдарды енгізу туралы оң пікір білдірді.
*****
Ақмола облысында 43 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов 2021 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
Департамент басшысының мәліметінше, жауапқа тартылған 43 адамның 5-і облыстық деңгейдегі, 5-і қалалық және 6-ы аудандық деңгейдегі басшылар. Есепті кезеңде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 59 қылмыстық істі тіркеді. Қылмыстың көп бөлігі ұрлық пен алаяқтық, сондай-ақ парақорлықпен байланысты. Сонымен бірге, 21 адамға қатысты 36 іс сотқа жолданды. Облыстың Антикоры жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 6 оқиғасын анықтады, онда 14 қылмыс анықталып, 17 адам жауапқа тартылған. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға залалды өтеу қамтамасыз етілді,-деген Арман Рахимов өңірде сыбайлас жемқорлық қылмысы төмендегенін айтты.
*****
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін түрмеге қамалды,
Сотталушы осы жылдың наурыз-шілде айлары аралығында көлік жолдарын жөндеуге қосымша келісімдер жасасу кезінде ЖШС басшысына көмек көрсетемін деп 1 800 000 теңге пара алған. Сот барысында оның кінәсі куәгерлер сөзімен және жасалған келісім шарт сынды құжаттармен дәлелденді. «Айыпталушы кінәсін мойындамай, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сот үкімімен ол 3 жыл мерзімге түрмеге қамалды. Сонымен қатар аудан әкімінің бұрынғы орынбасары мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылған.
*****
Атырау облысында аурухана директоры сотталып, ауыл әкімі үйқамаққа алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бұрынғы директорына қатысты сот отырысына әріптестері қатысқан.
«Биыл департаменттің бастамасымен Атырау соттарында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа тәсілі қолданыла бастады. Мәселен, жақында Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бұрынғы директорына әріптестерінің қатысуымен үкім шығарылды. Енді сыбайлас жемқорлық баптары бойынша үкім сотталушының еңбек еткен ұжымының қатысуымен жарияланады» - дейді Айдос Мамыт. Оның айтуынша, сотталушы кінәлі деп танылған. Оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
*****
Қызылорда облысының полиция департаменті​ өз қызметкерлері қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдап жатыр. Осы бағытта департамент басшылығымен жеке құрам арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде тексеру жүргізілуде. Департаментттің өзіндік қауіпсіздік​ басқармасы арнайы шара​ аясында заңсыз әрекеті үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерін ​ пара алу күдігімен ұстады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ​Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.