Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Вакцина шығаратын корпорациялар «Омикронды» зерттеуге кірісті

Вакцина шығаратын корпорациялар «Омикронды» зерттеуге кірісті

Алдымен елдегі эпид ахуалға тоқталайық....

Елде өткен тәулікте 795 адамнан коронавирус ПТР арқылы анықталды. 827 адам қауіпіті инфекциядан жазылып шықты. Сонымен қатар бүгін жарияланған ақпарат бойынша Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды.

*****

Бүгін шыққан ақпаратқа сәйкес 26 991 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың 6 мыңға жуығы стационарда, 21 мыңнан астамы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 396 адамның жағдайы ауыр, 119 пациент нашар жатыр, 75 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы тұр. «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

*****

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер - Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов жұмыс сапарымен Түркістанға барып, өңірдегі эпидемиологиялық жағдаймен танысты. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ұлттық сараптама орталығының Түркістан қалалық бөлімшесінде болды. Мұнда ол бактериологиялық және санитарлық-гигиеналық зертханалардың бөлмелерін тексерді. Сараптамалық бөлімше былытыр ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жылжымалы зертханалық кешенге қол жеткізді. Қазіргі уақытта кешенде ПТР сынамаларын зерттеу қызметі бар. Айта кетейік, Қазіргі уақытта аймақта «Pfizer» препаратын қабылдағандардың саны – 14 мың адамнан асты. Оның 11 162 - і жасөспірім, 2 мыңға жуығы жүкті және бір мыңнана астамы бала емізетін әйел. Түркістан облысына 46 800 дана «Pfizer» препаратының жаңа партиясы жеткізілді.

*****

Вакцина шығаратын бірнеше фармацевтикалық корпорация вирустың жаңа штаммы «Омикронды» зерттеуге кірісті. Олар Қажет болған жағдайда өз препараттарын түрлендіруге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады ВВС. Pfizer және Biotech компаниялары жаңа штамм олардың вакциналарына төзімді болса, олар «шамамен 100 күн ішінде осы нұсқаға қарсы арнайы бейімделген вакцина жасауға және шығаруға» дайын екенін айтты. «Спутник V» жасап шығарған Гамалей атындағы Мәскеу орталығының басшысы Александр Гинцбург Интерфаксқа ресейлік ғалымдар вакциналарын жаңа нұсқаға бейімдеуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, алдымен орталық осы мутация үшін бұрыннан бар препараттың тиімділігін тексереді.

*****

Атырауда көгершіндер көрмесі өтті. Оған Атырау, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан 150-ден астам көгершін асыраушылар жиналды. Облыстық көгершін өсірушілер федерациясы ұйымдастырған көрме «Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қйымдастырылды. Облыстық көгершін өсірушілер федерациясының президенті Жәнібек Қалекеновтің 60-қа жуық көгершін өсіреді екен. Оның айтуынша, көрмеге 150-ден астам адам көгершін әкелген. «Біз Қазақстан мен Ресейдің көгершін өсірушілері үшін көрме өткізілетінін хабарлаған едік. Біздің көрмеге Ақтөбе мен Қызылорда облысының Қазалы ауданынан көгершін өсірушілер қатысып отыр. Бірақ, ресейліктер келе алмады. Оған коронавирус инфекциясының өршуі себеп. Енді алдағы наурыз айында тағы бір көрме өткіземіз деп үміттенеміз» -дейді Жәнібек Қалекенов. Көрменің соңында спорттық көгершіндер жарысы өтті. Шара соңында көгершін өсірушілер естелік сыйлықтармен марапатталды.