Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ел аумағында 1 апта ішінде 2 900- ден астам қылмыс жасалды

Ел аумағында 1 апта ішінде 2 900- ден астам қылмыс жасалды

Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркменстанның Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барып, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммитіне қатысып, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді. Үкімет басшысы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның ЭЫҰ елдерімен жиынтық тауар айналымының биылғы 9 айда 31%-ға 8,2 млрд $-ға дейін өскенін атап өтті. Премьер-Министр ЭЫҰ кеңістігінде тиімді және өзара толықтырылатын бағыттарды қалыптастыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажет екенін атап өтті. Жыл аяғына дейін Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Қиыр Шығыс бағыттары, сондай-ақ Транскаспий бағыты бойынша шамамен 1 млн контейнер тасымалданады, бұл өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 25%-ға артық. «Экономикалық ынтымақтастық ұйым кеңістігінде бір-бірімен бәсекелеспейтін, бірін-бірі толықтыратын көліктік транзиттік дәліздерді қалыптастыру елдеріміздің орнықтылығын арттыру мен экономикаларын болашақта дамытудың негізгі шарттарының бірі», — деді Асқар Мамин.

*****

Ел аумағында 1 апта ішінде 2 900- ден астам қылмыс жасалды. Бұл жайында ҚР ІІМ-гінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты. «Бір апта ішінде 2 936 қылмыс жасалды. Оның 2 012-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылық, 32 тонау және 427 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ресми өкіл ІІМ-нің баспасөз алаңында өткен брифингіде. Сонымен қатар ол Ыстанбұлда Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Бас ассамблеясы – Интерполдың 89-шы сессиясы өткенін, оған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бастаған қазақстандық делегация да қатысқанын жеткізді. «Ассамблеяға 160 елдің өкілдері, сондай-ақ Интерполдың ұлттық орталық бюросы, оның ішінде Қазақстан мен БҰҰ, сияқты бірнеше халықаралық ұйымның басшылары, Орталық Америка, Мексика және Кариб өңірі полиция басшыларының комиссиясы бас қосты», - деді Нұрділдә Ораз.

*****

Алматы облысында 1927 жасөспірім Pfizer вакцинасын алды. «Талдықорған қаласына 11 қарашада 16-дан 37 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, жасөспірімдер мен босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап бала емізетін аналар үшін 46 800 доза мөлшерінде Pfizer вакцинасының бірінші партиясы әкелінді. Алматы облысында 225 810 адам Pfizer вакцинасын алатындар тобына жатады. Оның ішінде 12-17 жастағы балалар саны 147 мың, 34 мыңнана аса жүкті әйел, лактация кезеңіндегі әйелдер саны - 44 300 адам»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

*****

Теннистен биылғы жылғы Дэвис кубогінің ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олардың қатарында ел командасы да бар, деп жазады Olympic.kz сайты. Қазақстан командасы B тобында бірінші орын алса, Сербия командасы F тобында екінші орын иеленді. Осылайша, Қазақстан мен Сербия арасындағы кездесу 1 желтоқсан күні елорда уақытымен кешкі сағат 9-да өтеді. Сербия әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. Ширек финалда Хорватия – Италиямен, Ұлыбритания – Германиямен, Ресей – Швециямен кездеседі.