Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенатта рақымшылық туралы заң жобасы қаралады

Сенатта рақымшылық туралы заң жобасы қаралады

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Онда депутаттар 2021 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланған Сенат отырысында қарауға ұсынылған мәселелерді бекітті.

Сенат отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы енгізілді. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан және негізгі жазадан босатуға бағытталған.

Отырыстың күн тәртібіне сонымен қатар көрнекі ақпаратты ресімдеу, орналастыру рәсімдерін жетілдіруге, діни бірлестіктерді құру және тіркеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасауға арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да енгізілді.

Бюро отырысында сондай-ақ Мәжілістен бұрын келіп түскен заң жобалары одан әрі жұмыс істеу үшін Сенат комитеттеріне бөлініп берілді.



Сенаттың Баспасөз қызметі