Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Биыл елімізде 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді

Биыл елімізде 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту ұсынысын қолдады. «Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта шамамен 8,8 млн адам бірінші компонентті салдырды, бұл 18 жастан асқан адамдардың 76,6 пайызы және 8 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды, бұл – 70,8 пайыз», - деді Үкімет басшысы.

*****

Биылғы 10 айда еліміздің өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Оның сөзінше Нақты көлем индексі 5,8 % артып, 13,4 трлн теңге болды.

*****

Осы жылдың 10 айында елімізде 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Оның атап өтуінше, ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының 60 пайыздан астамын автокөліктер тұтынады. «2019 жылдан бастап сұйытылған газға ауыстырылған автокөлік саны 2 есе өсіп, 310 мың бірлікке жетті», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

*****

Алматыда Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай 2 мың азық-түлік жиынтығы таратылады. «Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай «Halyk» қорымен бірлесіп аз қамтылған отбасыларына 2 мың азық-түлік жиынтығын беру жоспарланып отыр»,- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов. Оның айтуынша, бұған дейін Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы демеушілер мен меценаттардың қолдауымен аз қамтылған отбасылардан шыққан 541 467 адамға азық-түлік жиынтығы, киім, аяқ киім, ыстық тамақ, ойыншықтар, үйге қажет заттар, тұрмыстық техника және басқаша да қайырымдылық көмек көрсеткен.