Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға рұқсат берілмек

Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға рұқсат берілмек

Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға рұқсат берілмек. Бірақ негізгі жұмыстан тыс уақытта. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының айтуынша осындай бастама қолға алынған. Айтуынша қазіргі заңда мұндай норма қарастырылмаған. Енді түзетулер енгізіп, рұқсат беру көзделген. Сол кезде мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан тыс уақытта такси жүргізушісі немесе курьер болып, қосымша табыс табуға болады. Десе де кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған.  

*****

Еліміз Ауғанстанға ұн экспортын жалғастырып қана қоймай арттыратын болды. Кабулде келіссөздер жүргізген Сауда және интеграция министрінің айтуынша қос тарап алыс-берісті жандандыруға мүдделі. Қазақстан азық-түлік, мұнайхимия, металлургия, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау, ағаш өңдеу салалары бойынша құны 360 миллион долларға жететін 45 тауар экспорттайды. Ал еліміз Ауғанстаннан жеміс-жидек сатып алуға әзір. Айта кетейік Қазақстан ұнының жартысынан астамы және бидайдың 10 пайызы ауған базарына бағытталған. Десе де биыл сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға азайып отыр. Енді азық-түлік жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылып, көрсеткішті қайта арттыру көзделген.

*****

Тәжік-қырғыз шекарасында шиеленіс тағы қайталанды. Осыған орай Қырғызстанның шекара қызметі күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тәжікстан азаматтары қырғыздардың көлігіне тас лақтырған. Бұған жауап ретінде қырғыз шекарашысы аспанға оқ атса керек. Ал, сенбіде тәжік әскерилері шекара бекеттерінің бірінде миномет орнатқан. Осы оқиғадан кейін екі елдің шекара заставалараның басшылары кездесіп, жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша наряд қойды. Қазір жағдай тұрақталған. Тәжікстан тарабы болған оқиғаға қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

*****

Алматы облысында ірі көлік апатына жол берген тұлғалар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні таңғы 10-дар шамасында қалың тұман мен көктайғақ салдарынан Алматы-Қорғас тас жолында 17 көлік соғылып, 5 адам ауруханаға түскен болатын. Оқиғаның мән-жайын зерделеген тәртіп сақшылары осы жолға қызмет көрсететін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар үстінен іс қозғады.

*****

Байқоңыр ғарыш айлағынан Фрегат үдемелі блогы мен британдық OneWeb байланыс жүйесінің 36 ғарыш аппараты бар «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы ұшырылды. Оның көкке көтерілу сәті Роскосмостың тікелей эфирі арқылы көрсетілді. OneWeb төмен орбиталды ғарыш аппараттары жер бетіндегі тұтынушыларды тікелей спутник байланысы арқылы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Бүгінге дейін орбитаға 300-ге жуық ғарыш аппараты шығарылған. Жалпы, компания 500-ден астам спутникті Жер айналасындағы орбитаға шығарып, оларды коммерциялық мақсатта пайдалануды көздейді.