Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Үкімет отырысында жаңа министрлер ант қабылдады

Үкімет отырысында жаңа министрлер ант қабылдады

Дәл қазір  Жаңа құрамдағы  Үкімет отырысы   өтіп жатыр. Онда Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен    Үкіметінің  жаңа құрамының жасақталғанын айтты.

*****
Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған министрлер ант қабылдады.  Бүкіл еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек.  Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді»,-   деді Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.
*****
Енді елдегі эпид ахуалға тоқталайық....
Бас шахар  әкімі Алтай Көлгінов  қалада эпидемиологиялық ахуал нашарлай түскенін мәлім етті. Ол сондай-ақ тұрғындарды вакцинациядан және ревакцинациядан өтуге шақырып, үндеу жасады.  Оның айтуынша, елордада вирустың жаңа «омикрон» штамы тіркелгелі ахуал күрт нашарлаған. «Каламызда коронавирустың жаңа штамы – «омикрон» пайда болғалы бері науқастар қатары күрт өскенін байқап отырмыз. Дәрігерлер айтқандай, бұл жағдай өткен мерекелік күндермен тікелей байланысты. Омикрон штамы жылдам тарайды, барлық жастағы адамға жұғады. Жедел медициналық жәрдем станциясына тәулігіне 4,5 мыңнан аса адам жүгінеді, шақырулар – 2 мыңнан асады. Науқастар саны көбеймес үшін қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, бір-біріне қонаққа бармауға  шақырамын», - деді Алтай Көлгінов.

*****

Айта кетейік, Елде  өткен тәулікте 4 810 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды. 547 адам  қауіпіті індеттен жазылып шықты. Соңғы түскен мәлімет бойынша 27 423 адам коронавирус инфекциясынан  емделіп жатыр. 3 409 пациент стационарда, 24 014 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 187 адамның жағдайы ауыр, 41 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

*****

Алдағы 1 – 1,5 айда Еуропа халқының 50%-дан  астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін. АҚШ-та коронавирус жұқтырудың антирекорды тіркелді.  Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клуге Вашингтон Университеті денсаулық көрсеткіштері мен бағалау институтының болжамына сілтеме жасап хабарлады. Австрия Канцлері ақпан айында коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізу жоспарын растады. Карл Нехаммердің айтуынша, тиісті заң жобасының парламенттік сараптамасы аяқталды.