Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Президент тапсырмасы: Үкімет шұғыл жұмысқа кірісті

Президент тапсырмасы: Үкімет шұғыл жұмысқа кірісті

Кеше Президент Қ.К.Тоқаевтың ұсынысы және Парламент Мәжілісі депутаттарының қолдауымен Әлихан Смайыловтың Премьер-министр болып тағайындалғанын білеміз. Артынша Палатаның салалық комитеттерінің отырыс өтіп, онда Премьер-министрдің орынбасарлары мен миинстрлер лауазымдарына тағайындаулар бойынша кеңес өтті. Нәтижесінде Әлихан Асқанұлы бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталған еді. Ал бүгін Үкімет Президент атап көрсеткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясаты мен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов отырысты ашқан сөзінде «Бұл осындай аса ауыр жағдайда ешкандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі міндет» екенін атап өтті.

Конституцияға сәйкес Үкімет құрамына алғаш енген лауазымды тұлғалар Ант бергеннен кейін, атқарылуы тиіс жұмыстардың нақты бағытын талқылады. Нақтырақ айтсақ, алдағы 3 апта ішінде Үкімет 2022 жылға арнаған іс-қимыл бағдарламасын дайындауға міндетті.

Толығырақ "Басты тақырып" хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабарды дайындаған Алмас Байдрахман.