Алматыдағы бүліктен келген залал көлемі шамамен 112 миллиард теңгеден асты

Құқық қорғау өкілдерінің әрекетіне байланысты қоғам белсенділерінен 21 арыз түсті. Олардың 18-і жаппай бүлік кезінде ұсталғандар қамалған мекеме мен изоляторларды тексеру кезінде анықталды. Қоғам белсенділері тұтқындалғандардың құқықтары сақталуын тексеруді жалғастырып жатыр. Олар ішкі істер органдары мен прокуратурамен бірлесіп, осы бағытта жұмыс істейді. Облыстарда арнайы жедел желі іске қосылған.
*****
Алматыдағы бүліктен келген залал көлемі шамамен 112 миллиард теңгеден асты. Шығындарды есептеу әлі де жалғасып жатыр. Жақын күндері шығынды өтеу тетігі іске қосылады. Тәртіпсіздіктерден келген залалды бағалау жөніндегі комиссия мегаполисте 243 нысанды қайта қалпына келтіру керектігін анықтаған. Олардың 27-сі мемлекеттік мекеме ғимараты. Ал 216-сы шағын және орта бизнес нысаны. Сонымен қатар тәртіпсіздік барысында алаңға жақын орналасқан 37 тұрғын үйге де айтарлықтай зақымдалған. Бизнеске 67 миллиард теңгеден астам залал келген. Бұзақылардың әрекетінен әсіресе шағын және орта бизнес көп зардап шеккен. Жақын арада кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу тетігі енгізіледі. Кәсіпкер инфо Қазақстан сайты арқылы қажетті құжатарды ұсынады. Өтінішті комиссия қарап, мемлекеттік бюджеттен қаражат беріледі.
*****
Қостанайда азық-түлікті қымбатқа сатқан алты супермаркет анықталды. Сауда нысандары күріш, жылқы еті, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік тауар құнын 15 процентке дейін көтерген. Құс етін тасымалдаушылар да тауардың көтерме бағасын негізсіз жоғарылатқаны әшкереленді. Қымбатшылықты қолдан жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Жергілікті билік енді тауық етіне де шекті баға енгізеді. Осы аптадан бастап оның келісі 890 теңгеден аспауы керек. Сәбіз, картоп, пияз және нан бағасы да бақылауға алынады. Облыста нан бағасы 90 теңгеден аспайды. Қаладағы наубайханалармен осындай келісім жасалған. Ұнды нан пісірушілер тұрақтандыру қорынан алады. Онда халыққа арзан сатылатын өнімдердің он төрт түрі бар.
*****
Ресейде коронавирус өршіп тұр. Алдағы 1-2 аптада бұл елде вирус жұқтырғандардың қатары ең жоғарғы деңгейге жетуі мүмкін. Қазірдің өзінде күніне шамамен 200 мың адам коронавирус жұқтырады. Мәскеуде коронавирус төңірегіндегі ахуал ушығып барады. Небәрі бір аптада вирус жұқтыру дерегі 2 есе өсті. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша омикронды жұқтыру қаупі 5 есе жоғары. Десе де, ол дельтаға қарағанда жеңіл өтеді.
*****
Ташкент халықаралық әуежайында бірнеше күннен бері ұзын-сонар кезек. Ел үкіметі жолаушылардан ақылы экспресс-тест тапсыруды талап етеді. Әуежайда жылжымалы зертханалар жетіспейді. Ақша айырбастау орындары да аз. Ал экспресс-тест төлемі тек жергілікті валютада қабылданады. Жолаушыларда, әсіресе шетелден барған меймандарда өзбек сумының болуы сирек жағдай. Салдарынан ұзын-сонар кезек тек сынама тапсыратын жерде емес, ақша айырбастау орындарында да бар. Көпшіліктің айтуынша, қолдарында теріс нәтижелі ПТР анықтамасы бола тұра, қосымша экспресс-тест тапсырту қисынсыз.
*****
Малайзия билігі алдағы 2-3 аптада елде коронавирус пандемиясының аяқталатынын жариялайды. Қауіпті дерт осы өңірге тән ауру түрі деңгейіне ауыстырылады. Бүгінге дейін Малайзияда коронавирусқа қарсы екпені азаматтардың 97 проценті алған. Яғни шамамен 22 миллион адам вакцина салдырған.