Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Заңсыз қамауда отырған 24 қала тұрғыны босатылды - Елдос Қилымжанов

Заңсыз қамауда отырған 24 қала тұрғыны босатылды - Елдос Қилымжанов

ҚР Бас прокуратурасы елде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған азаматтарды азаптап жатыр деген ақпаратқа ресми түсінік берді.

«Бүгінде прокуратураға азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқығын бұзу дерегі бойынша 91 шағым түсті. Әр шағымға шара қолданып жатырмыз. 19 шағым бойынша көрсетілген заңбұзушылық расталмады. Ал 56-сы бойынша тексеру жүріп жатыр. Сондай-ақ, кей жағдайда азаматтардың құқығы бұзылғаны расталды. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасының араласуымен заңсыз қамауда отырған 24 қала тұрғыны босатылды», - деді ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәлімдеуінше, аталған факті бойынша арнайы прокурор тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ұсталғандарға қатысты адам өлімі, азаптау, билігін асыра пайдалану деректерімен қылмыстық істер тергелу үстінде.

«Республика бойынша осындай 16 қылмыстық іс басталды. Одан бөлек, құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алу мақсатында, барлық өңірде арнайы мобильді топтар құрылғанын тағы бір еске саламыз. Азаматтар prokuror.gov.kz ресми сайтымен қатар, облыстық және Бас прокуратураның сенімді телефоны арқылы жүгіне алады», - деді Қилымжанов.