Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ешбір қылмысқа қатысы жоқ 1083 адам босатылды - Елдос Қилымжанов

Ешбір қылмысқа қатысы жоқ 1083 адам босатылды - Елдос Қилымжанов

Алаңдағы бейбіт шеруге қатысып, ұсталып, бірақ ешқандай айыбы жоқ 1083 адам босатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті.

«Президенттің ауырлататын мән-жай болмағанда жазаны жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес біраз жұмыс атқарылды. Жалпы сотта Қаңтар оқиғасына қатысты 9213 әкімшілік іс қаралды. Сот шешіміне сәйкес мән-жайдың жеңілдігін ескере отырып 4561 тұлғаға ескерту жасалды, прокурорлардың өтініш-хатының негізінде 1083 адам қамаудан босатылып, 490 айыппұл жазасы ескертуге ауыстырылды. Қазіргі уақытта 362 адам әкімшілік қамауға алынып, 1245 тұлғаға айыппұл салынды», - деді Елдос Қилымжанов.