Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отандық фильмдер Берлиналеден жүлде ала ма?

Отандық фильмдер Берлиналеден жүлде ала ма?

"FILMFAN"  бағдарламасының кезекті шығарылымы дәстүрлі түрде өтетін  "Берлинале" кинофестиваліне қатысып жатқан қазақстандық үш фильмге арналды.

"Берлинале" - Халықаралық кинопродюсерлер ассоциация федерациясының А тобындағы фестивальдер қатарындағы ең салмақтысы.  Биылғы фестивальге "Forum" секциясы бойынша режиссер Дәрежан Өмірбаевтың "Ақын" фильмі, "Panorama" секциясы бойынша режиссер Асқар Ұзабаевтың "Бақыт", "Generation 14 plus" бойынша Фархат Шариповтың "Схема" фильмі қатысып жатыр.

Кинотанушы Дана Әмірбекованың айтуынша, Дәрежан Өмірбаев пен Фархат Шәріпов -  фильмдері қаншама әлемдік үздік фестивальдерге қатысып,  лайықты бағасын алып жүрген авторлар. "Ал осы уақытқа дейін кассалық, коммерциялық бағытта фильм түсіріп келген Асқар Ұзабаевтың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы түсірген авторлық "Бақыт" фильмі "Берлиналеге" өтсе, демек жақсы фильм болғаны",- дейді кинотанушы. Фильм сценарисі  Әсем Жәпішева таза қазақ тілінде, тек ағылшынша субтитрмен әлемдік кинофестивалге Қазақстан атынан туынды өткізуіміздің өзі - бір жетістік екенін айтып өтті.

Әлемнің үздік фестивальдерде тәжірибесі көп Дәрежан ағамыздың бұл жолы фильмін "Берлиналенің"  басты байқауына өткізбей, "Forum"  секциясына өткізгенін фильм продюсері Олжас Тортаев:  ""Берлинале" талабы бойынша премьерасы болмаған, әлі ешбір жерде көрсетілмеген фильм ғана негізгі байқауға қатыса алатындықтан, оған қатыстыра алмадық" деп түсіндірді. Естеріңізге сала кетейік, алғаш рет Жапонияда көрсетілген «Ақын» фильмінің режиссері Дәрежан Өмірбаев былтыр XXXIV Токио халықаралық кинофестивалінде  «Үздік режиссер» жүлдесін жеңіп алған болатын.  

   72 -ші рет өткізіліп жатқан халықаралық кинофестивальде бағын сынайтын "Схема" фильмі ақпарат құралдарында жазылып жүргендей, "18 килогерц" фильмінің заңды жалғасы емес. Екеуі де жасөспірімдер туралы, бірақ ол фильм  90-жылдардағы жағдайды суреттесе, ал "Схема" - қазіргі уақыт жастарының проблемасы", -  дейді фильмнің екінші режиссері Дана Серік.

Бағдарлама соңында Түркия  киногерлері жыл сайын фильм түсірерде кинотанушылардың ғылыми зерттеулерімен санаса отырып, өз қоғамына қажетті жанрда, тақырыпта фильм түсіретіні секілді бізде де Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы кинотанушы,  киносыншылар пікірімен санасса деген пікір айтылды. "Еліміздің кино саласындағы ең бір толғағы жеткен мәселе - балалар киносы арнайы қарастырылып, қаржы бөлінсе" деген кинотанушы Дана Әмірбекованың мәселесі алдағы уақытта ескерусіз қалмаса екен дейміз.

Бағдарламаның толық аудионұсқасын мына жерден тыңдай аласыз.