Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Енді дайындығы нашар үміткерлер мұғалім бола алмайды

Енді дайындығы нашар үміткерлер мұғалім бола алмайды

Енді дайындығы нашар үміткерлер мұғалім болып жұмысқа орналаса алмайды. Яғни педагогикалық білім туралы дипломның болуы енді жұмысқа бірден орналасуға кепілдік бермейді, деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында.

"Тағы бір жаңалық – педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындарының түлектері үшін міндетті тестілеу енгізілді. Енді дайындығы нашар үміткерлер мұғалім болып жұмысқа орналаса алмайды. Яғни педагогикалық білім туралы дипломның болуы енді жұмысқа бірден орналасуға кепілдік бермейді. Балалармен жұмыс істей білу өте маңызды және жауапты міндет болғандықтан, алдымен тәуелсіз тестілеуден өту керек. Мұндай сыртқы емтиханды 2021 жылы шамамен 40 мың түлек тапсырды. Олардың ішінде шекті балл жинағандар ғана мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Енгізілген бұл жаңашылдық жоғары оқу орындары жұмысының сапасын да көрсетті. 36 университет осы мамандық бойынша дайындау бойынша лицензиясынан айырылды", -деп жазды министр.